Microsoft «Nokia» брендісіз смартфон шығарды

Microsoft «Nokia» брендісіз смартфон шығарды

Бүгін Microsoft компаниясы Lumia 535 атауына ие өзінің алғашқы смартфонын таныстырды. Аталған құрылғыдағы логотиптен «Nokia» атауы алынған.

Lumia 535 аппараты орта бағадағы смартфондар түріне жатады. Осылай Microsoft бағдарламалық қамту жобаларын екінші орынға қойып, смартфондар нарығында бағын сынап көруді ұйғарып отыр. Жаңа Lumia Windows Phone-смартфондар қатарын толтырып, нарықта тек аталған платформаны дамытуға еңбек ететін болады.

Microsoft Lumia 535 смартфоны төртядролы Qualcomm Snapdragon 200 процессорымен жабдықталған. Процессор жиілігі 1,2 гигагерцке тең. Сондай-ақ, 1 ГБ оперативті жалды мен 5-дюймді экранмен көмкерілген. Одан бөлек, Microsoft смартфонға жарық тетігін қоса алған, яғни жарық көзі қосымша ретінде емес, аппараттың құрамдық бөлшегі ретінде жұмыс істейді. Жалпы жадысы қосалқы бөлшектерін қоса есептегенде 8 ГБ көлемді құрайтын болады. Тағы да айта кететін жағдай, компания өзінің өнімі болған HERE Maps картографиялық қызметін де смартфонның негізгі құрылымына енгізіп отыр.

Жаңа смартфон $135 бағамен түрлі-түсті нұсқалармен сатылымға шығады. Microsoft Nokia-сыз Lumia 535 смартфонын алдымен Азия елдерінде нарыққа шығарып, сосын өзге де құрлықтарда бағын сынап көруді жоспарлап отыр.

Сурет: vk.com

Ж. Өрісбай