Қытай қазақтары "Zerde" деп аталатын смартфон шығарды

Қытай қазақтары "Zerde" деп аталатын смартфон шығарды

Фэйсбук әлеуметтік желісінде Ақтамберді Назымұлы есімді қолданушы Қытай елінде тұратын қазақтардың "Zerde" деп аталатын смартфон жасап шығарғанын жазды. 

"Қытай қазақтары жасаған "ZERDE" маркалы ұялы телефон (смартфон) нарыққа шығыпты... Қуаныштымын, ырзамын...", – деп жазады қолданушы.

Суреттерден көріп отырғаныңыздай, смартфон дисплейі Қытайдың белгілі Huawei компаниясының өніміне келіңкірейді. Бірақ ұялы телефон мәзіріндегі ұяшықтардың барлығы дерлік төте жазумен қазақ тілінде жазылған.

Смартфон Wi-fi интернет желісіне қосылады және басқа да функциялары бар. Өнімнің қазақша нақышта жасалғанын "Play" батырмасының ұлттық нақыштағы ою-өрнектерінен де байқауға болады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: Ақтамберді Назымұлы

А. Құлтай