Xiaomi компаниясы экшн-камера шығарады

Xiaomi компаниясы экшн-камера шығарады

Нарықтағы құны 45 миллиард АҚШ долларын құрайтын Xiaomi компаниясы өзінің жаңа гаджетін шығарғалы жатыр. Қытайлық стартап-компания GoPro камераларына бәсекелестік тудыруды жоспарлаған. Бұл Xiaomi компаниясының Weibo әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған өнімнің алғашқы суреттері мен мәліметінен белгілі болып отыр.

Бірінші суретте сіріңкенің жабық қорабы суреттелсе, екіншісінде әртүрлі елдің суреттерінен белгілі туристің қажет заттары бейнеленіпті. Бұл ақпараттан кейін БАҚ өкілдері Xiaomi компаниясының экшн-камера шығаруы мүмкін екенін болжап отыр. Фотоның мәтіндік ақпаратында жаңа гаджеттің ағымдағы жылдың 2 наурызында таныстырылатыныны туралы жазылған. Бұл өнімге көбіне шаңғы тебу, таудағы велосипед және парашютпен секіру сынды экстремалды спорт түрлерімен айналысатындар қызығушылық танытып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін GoPro компаниясы Қытай нарығындағы өнімдерінің сатылымдарын көбейтуді жоспарлағанын хабарлаған болатын. Xiaomi компаниясының арзан баға саясатын ескерер болсақ, GoPro аналогтары нарықта өте арзан бағамен шығуы мүмкін.

Xiaomi смартфондары бағасы арзан әрі сапалы өнім ретінде танылып үлгерген. Қытайлық компания тұрмыстық техника мен электроника да шығарғанымен, оның негізгі табысы Mi сериясымен шығарылатын смартфондарының сатылымынан түсіп отыр. Ал соңғы ақпараттарға сенсек, Лей Джун бастаған Xiaomi болашақта электромобиль нарығын да бағындыратын болады. 

Сурет: www.businesskorea.co.kr

Оқи отырыңыз: 

Xiaomi компаниясы да смартфондар нарығынан электромобильге көшеді

Xiaomi ультражұқа смартфондары таныстырылды

Xiaomi компаниясы ноутбуктер нарығында бақ сынайды

Қытайлық Стив Джобс туралы білесіз бе?

Ж. Өрісбай