Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Жаңалықтар / Apple рекордтық капиталға жетті

Apple рекордтық капиталға жетті

Apple рекордтық капиталға жетті

Бүгін Apple капиталы 700 миллиард АҚШ долларынан асқан алғашқы компания атанып отыр. Бұл компанияның сатылым деңгейі ең жоғары нәтижеге жеткен кезіндегі акция бағасының қымбаттауынан кейінгі қаржы дүмпуі еді. Айта кетсек, кеше Нью-Йорк биржасындағы компанияның әрбір қымбат қағазы 122 АҚШ долларына дейін шарықтап кеткен.

Акцияның осындай құнымен компания 710 миллиард АҚШ долларына бағаланып отыр. Бұл көрсеткіш Microsoft, Google және Exxon Mobile (әрқайсысы 360 миллиард құнға ие) компанияларының бағасынан екі есе асып кеткен.

Осындай биржалық өсім Apple компаниясының соңғы кварталынан түскен пайда көлемін жариялағаннан кейін орын алды. Естеріңізге сала кетсек, екі апта бұрын купертинолық компанияның кварталдың табысы $74 миллиардқа жетіп, оның 18 миллиард АҚШ доллары дивидент көлемі болғаны туралы жазған болатынбыз.

Ал Fortune қаржы басылымы компанияның жылдам өсіп келетінін жазады. Мысалы, төрт жыл бұрын Apple капиталы 300 миллиард болған. Ал 2000 жылдан бүгінге дейін компанияның қымбат қағаздары 120 есе өсіпті.

Ескере кетсек, Apple аталған сандық көрсеткішке өткен аптада жеткен болатын. Дегенмен ол кезде биржадағы акция бағасы тұрақсыз болып, қайта төмендеп кетеді. Ал қазір сарапшы мамандар Apple-дің биржадағы ахуалын тұрақты деп отыр.

Сурет: www.greatfallstribune.com

Оқи отырыңыз: 

Apple өзінің жеке іздеу жүйесін шығаруы мүмкін

Apple Watch сағатының алтын нұсқасы үшін дүкендерге сейфтер орнатылмақ

Apple өз тарихындағы рекордтық табысқа жетті

Apple соңғы кварталда неше iPhone сата алған?

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Қосылған күні: 11 ақпан 2015, 17:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.