Қытай зейнеткері темірден жылқы жасады (Видео)

Қытай зейнеткері темірден жылқы жасады (Видео)

Аспан асты елінің бұрыннан бері өнертабысқа бай болғанын Цай Лунь заманынан білеміз. Компос және кағаз сынды қазіргі күнгі өмірімізге қажетті заттарды осы ел тұлғалары ойлап тапқан болатын. Қытайдың қазіргі алымы да баяу емес.

Су Дэокэнг есімді қарапайым қытайлық зейнеткер өз хоббиінің арқасында сүбелі нәтижеге жетіпті. Нақтырақ айтсақ, 60 жасар Қытай тұрғыны арзан темір құрылғыларынан роботтық құрылымға ие жылқы жасап шығарған. Робот кейіпті ат жанармай ретінде бензинді пайдаланады екен.

Дэокэнг мырза мынадай жаңа құрылғыны екі ай бойында құрастырған. Оның салмағы небәрі 250 келі. Ал ұзындығы 2 метр болып, биіктігі 1,5 метрге жетеді екен. Жылқының қозғалысы ішкі жану қозғалтқышының көмегімен жүзеге асады.

Расында жалқының темір аналогы өте баяу қимылдайды. Құрастырушының айтуынша, құрылғының қуаты әзірге жылқының жүгіруін қаматамсыз ете алмайды. Бірақ темір жылқының жүру кезіндегі аяқтарының қозғалу технологиясы өте мұқият қарастырылған.

Қазіргі кезде зейнетке шыққан Қытай азаматы кей-кейде атына мініп, көшені аралайды екен. Бірақ қарапайым өнертапқыш болашақта роботтың қуатын арттырып, жергілікті фермерлерге қолдау көрсетуді мақсат етіпті. Су Дэокэнгтің айтуынша, оның темір жылқысы тірі жылқыдан әлдеқайда арзанға түсетін болады.

Сурет: видеодан скриншот

Оқи отырыңыз:

Телепорт технологиясының алғашқы құрылғысы жасалды

Mouse-Box – поляктар ұсынған мини-компьютер

Қытайда 3D-принтермен 5 қабатты үй салынды

CES 2015. Жасанды санаға ие алғашқы робот таныстырылды

Ж. Өрісбай