Қытайда 3D-принтермен 5 қабатты үй салынды

Қытайда 3D-принтермен 5 қабатты үй салынды

Өткен жылы қытайлық Winsun компаниясының 3D-принтердің көмегімен бір күнде 10 қабатты үй көтеруге қауқары жететіні туралы ақпарат берген болатынбыз. Расында бұл ақпаратқа сенген адамдар реті аз еді. Бірақ компания өз дегеніне жету үшін технологияны дамытуда бірталай еңбек еткен.

CNet ақпаратына орай, Winsun өзі ұсынған технология негізінде 1100 шаршы метрді алып отырған 5-қабатты үйді 3D-принтердің көмегімен салу мүмкін екенін көрсеткен.

Ол үшін тұрғын үй кешенін салуға арнайы биіктігі 6,6 метр, ені 10 метр, ал ұзындығы 40 метр болатын алып 3D-басылым құрылғысын жасап шығарған. Шындығында құрылғы үйдің белгілі бөлшектерін ғана шығара алады. Ал негізгі тіреулерін құрылысшылар қарапайым жолмен жасаған. Басып шығарылған үйдің бөлшектерін бір орында жинап алып, сосын кешенді барлық стандарттартқа сай етіп көтерген.

Өкінішке орай, Winsun компаниясы 3D-принтер мүмкіндігінің қаншалықты екенін нақты айтпай отыр. Дегенмен құрылыс нәтижесі көптің көңілінен шыққаны белгілі.

Бұл технология құрылыс шығынын 30-60%-ға қысқартады. Және жұмысқа кететін уақыттың 50-70%-ын үнемдеуге мүмкіндік береді. Арзан әрі жылдам бой көтерген ғимаратқа небәрі 161 мың АҚШ доллары жұмсалыпты.

Айта кетсек, осы тектес технология Нмдерландыда да дамытылып келеді. Болашақта жаппай қолданысқа еніп кетуі де әбден мүмкін.

Сурет: 3dtoday.ru

Оқи отырыңыз:

Қытайлар үйді 3D-принтер арқылы сала бастады

Африкалық өнертапқыш қоқыстан 3D-принтер жасады

Дәрігерлер 3D-принтерден адамның жақ сүйегін басып шығарды

Ж. Өрісбай