Apple Watch өміріңізді жайлы етеді (видео)

Apple Watch өміріңізді жайлы етеді (видео)
Фото: www.businessinsider.com

Америкалық Apple компаниясы жаңа смарт-сағатының сатылымына қолдау білдіру мақсатында маркетингтік жарнамаларын жариялауды жалғастырады. 15 секундқа жалғасатын видеороликте купертинолық компания ұсынатын «ақылды» сағаттың кезекті пайдалы функциясы жарнамаланады. Нақтырақ айтсақ, «Skate» жарнамасында Apple Pay төлем жүйесі арқылы қозғалыста жүріп-ақ, қаржы операцияларын жылдам жасауға болатыны көрсетіледі.

Айта кетейік, жақында қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин Apple компаниясының маркетинг мамандарының ұсынысын қабылдап, Apple Watch сағатының кезекті нұсқасының жарнамасына түскен. Небәрі 15 минутқа созылатын видеода Головкиннің спорттық дайындығына смарт-сағаттың көмегі көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше қазақстандық боксшы Геннадий Головкин канадалық Давид Лемьені техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін  WBA (Super), IBO, WBC, IBF чемпионы атанды. 

Ж. Өрісбай