Геннадий Головкин белдіктерін көрсетті

Геннадий Головкин белдіктерін көрсетті
Фото: vesti.kz

Бүгінгі жекпе-жектен кейін Геннадий Головкин белдіктерімен бірге суретке түсті. Бұл суреттері қазақстандық боксшының инстаграм желісіне жүктеген.

33 жасар қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 26 жасар канадалық Давид Лемьемен өткен жекпе жегтен кейін барлық белдіктерін көрсетті.


Жекпе-жекке дейін WBA, IBO, WBC (Interim) титулына ие болып келген Геннадий бұл жолғы жеңісінен кейін IBF атағын иемденді. 

Лемьемен өткен жекпе жекте Головкин екі миллион АҚШ долларын иемденді. Бұл оның мансабындағы ең ірі гонорары болып есептеледі.

Г. Берік