Геннадий Головкин «Apple» жарнамасына түсті (видео)

Геннадий Головкин «Apple» жарнамасына түсті (видео)
Фото: vk.com

Қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин «Apple» компаниясының жарнамасына түсті. Бұл туралы боксшының «вконтакте» желісіндегі ресми парақшасы хабарлап отыр.

Бокстан WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы отандасымыз «Apple» компаниясының сағатын тағып, жарнамаға түсті. 15 секундтық жарнамада боксшы жылдам жаттығу жасап, «Apple Watch» cағаты арқылы жүрек соғысының жылдамдығын бақылайды.

Айта кетейік, «Apple Watch» смарт-сағаты танымал компанияның үздік өнімдерінің бірі. Жақында нарықтағы сатылым көрсеткіші бойынша алдыңғы шептен көрініп, сағаттың платформасына арналған қосымшаларының саны 6 мыңнан асқан-ды. Бұл көрсеткіш бойынша iPhone мен iPad нәтижелерінен де озып шыққан болатын. 

Ө. Сансызбай