- Негізгі бет
- Шолу
- 2015 жылдың ашылуға...
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #5
2015 жылы ашылуы тиіс 10 жаңалық туралы Әлемдік экономикалық форумның (WEF) жылдық жиынында айтылды. Сондықтан биылғы жылдың ерекше жаңалықтармен ерекшеленетінін ашып айта аламыз. Мысалы, өсімдіктердің құрылымын гендік деңгейде өзгерту ауылшаруашылық саласында қолданылатын химиялық пестицидтерге деген тәуелділікті азайтып, қоршаған ортаның ластанбауына аз да болса септігін тигізеді. Осы сынды биыл ашылатын бірқатар маңызды жаңалықтар туралы айтуды жалғастырамыз.
Аддитивті өндіріс – 3D-басылымның мүмкіндіктері
Аддитивті өндіріс деп сандық шаблонның көмегімен сұйық немесе құм тәрізді заттан үш өлшемді форма шығаруды айтады.
Үш өлшемді өнімдер ғаламның көптеген тұрғындарына пайдалы болмақ. Мысалы, Invisalign компаниясы науқастардың тісін томографияға түсіру арқылы олардың тістеріне өте қолайлы қаптау жасайды. Өзге медициналық орталықтар микробиологиялық 3D-принтердің көмегімен адамның ағзасындағы тірі жасушаларды өндіріп қана қоймай, жаңа ағза мүшесін трансплантацияға дайындауды зерттеу үстінде. Мысалы, Organovo бауырдың тірі жасушасын шығарып, оны әзірге дәрілерді тәжірибеден өткізу мақсатында қолданып келеді. Алдағы уақытта адам ағзасына толыққанды қызмет ете алатын бауыр (ағза мүшесі) басылып шығуы әбден мүмкін. Бүгінде биобасылым тері мен сүйек ақауларына ғана қатысты қолданылуда.
Аддитивті өндірістің келесі маңызды сатысы - 3D-басылым технологиясын дамыған электронды компоненттерді, яғни компьютерлік платформаларды басып шығаруда пайдалану. Компьютер бөлшектерінің наноөлшемді бөлшектері мен процессорларын басып шығару әзірге мүмкін болмай тұр. Дегенмен бұл үдерісті 4D-басылым технологиясы алып келеді деген үміттеміз.
Сурет: www.healthtap.com
Оқи отырыңыз:
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #1
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #2
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #3
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #4
Ж. Өрісбай