Мысық Youtube-тегі авторлық құқықты бұзды

Мысық Youtube-тегі авторлық құқықты бұзды

Әлемге әйгілі Youtube видеохостингінің Digihaven атауына ие қолданушысымен ақылға қонымсыз жағдай орын алды. Осыдан бір жыл бұрын аталған қолданушы YouTube-ке Фантом есімді мысығының ұйықтап жатқан кезіндегі пырылдаған дауысын жазып салған болатын.

Мысық иесінің айтуынша, сүйкімді жануарының дыбысын жазып болғанға дейін оны онлайн платформаға салу туралы ойы болмапты. Автор 1 сағатқа созылатын мысықтың әуенінің адамның шаршап, ұйқыға кететін кезінде жағымды болатынын айтады.

Ал бірнеше күн бұрын хостингтің әкімшілігі қолданушыға қатаң ескерту жолдапты. Youtube-тің автоматты модераторы мысықтың пырылдағаны авторлық құқықты бұзғанын хабарлаған. Нақтырақ айтсақ, YouTube-тің автоматты жүйесі Фантомның дауысында өзге біреудің интеллектуалды меншігін анықтаған. Композиция белгілі EMI Music Publishing және PRS әншілеріне тиесілі екен.

Ресми ескерту

Әрине мысық біреудің интеллектуалды меншігін ұрлау туралы ойламағаны анық. Бұл Youtube видеохостингі бағдарламаларының жіберген қателігі. Басқару тетігі берілген жасанды сананың қателігі ешкімге зияны жоқ мысықты заң алдында жауап беруге итермелейді. Осыдан кейін жасанды санаға сенуге бола ма?

Digihaven орын алған қателікке бей-жай қараған жоқ. Сосын мысықтың ісіне Youtube қызметкерлері тартылғаннан кейін, авторлық құқықтың жолы кесілмегені анықталып, ресми кешірім сұралды. Авторлық құқығы бұзылған әншілердің бірі жағдайдың мән-жайын біліп, Фантомға жазылған ескертуді алуға қолдау білдірген. 

Сурет: www.dni.ru

Оқи отырыңыз: 

Жапонияда 300 смартфон бірігіп хор айтты (Видео)

Google-дың бірінші толыққанды жүргізушісіз көлігі келесі жылы шығады

Дрондар «Амстердам Арена» стадионында 3D-шоу көрсетеді

Жапондар роботтарды қызмет көрсету саласына бейімдеуде

Ж. Өрісбай