Адамдарға бақыт үшін қанша қаражат керек?

Адамдарға бақыт үшін қанша қаражат керек?
Фото: piter-trening.ru

Gallup World Poll жүргізген сауалнама нәтижесінде адамға бақытты болу үшін қаншалықты қаражат керек екендігі анықталды. Бірақ, бір қызығы бұл олардың әлеуметтік деңгейіне және оның тұратын аймағына сәйкес мың құбылады. 

Сауалнамаға әлемнің 164 елін мекендейтін, жасы 15-тен басталатын 1,7 миллион адам қатысқаy. Ғалымдар олардың табатын және қалайтын табысымен есептелетін субъективті табысын өлшеу мақсатында (subjective well-being, SWB) мәліметтерді жан-жақты жинақтаған. Сонымен қатар, адамдар оларды толық табысын және өмір сүрю (life evaluation) деңгейін зерттеуді де ұсынды. Сондықтан, адамдарға басты қойылған талап,= олардың күнделікті өмірде сезінетін эмоцияларын сипаттау болды. 

Психологтар зерттеу барысында бақыт үшін керекті қаражаттың мөлшері белгілі бір шамаға келгенде тоқтайтынын аңғарған. Орта есеппен, адамға бақыт сезімін сыйлайтын қаражаттың өсімі жылына табатын табыс 60-70 мың долларға жеткенде тоқтайды. 

Максимум нүктесі – 95мың долларға жеткен. Зерттеушілер бұл сауалнама жеке адамдарға жүргізілгенін алға тартып, отбасы үшін бұл көрсеткіш аздық ететінін айтады. 

Шығын пен таза табыс мөлшері әлеуметтік жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Сонымен қатар, ер адамдарға керекті қаражат әйелдерге қарағанда төмен. Ал, ортадан төмен немесе мектептен соң білім алмағандар үшін орта есеппен 70 мың доллар, ал орта білімді азаматтарға – 85 мың, ал, жоғары білімді азаматтар үшін 115 мың доллар керек екені анықталды. 

Ал, ең жоғары қаражатты Аустралия тұрғындары керек етеді: 125 мың доллар. Ал, Солтүстік Америка үшін 105 мың доллар жеткілікті болса, Батыс Еуропа елдірі үшін 100 мың доллар бақыт сыйлай алады. Шығыс Еуропа үшін орташа қаражат мөлшері небәрі – 45мың доллар. Ең аз қаражатты 35 мың долларды керек ететін Латын Америка тұрғындары екен. 

Сізге бақыт үшін қанша керек?

Т. Есқали