Әлемдегі ең үлкен тропикалық жылыжай

Әлемдегі ең үлкен тропикалық жылыжай
Фото: vk.com

Coldefy & Associates аталатын дизайнерлік фирма әлемдегі ең үлкен тропикалық жылыжай жобасын ұсынды. Ол "Тропикалия" деп аталады.

Францияның Па-де-Кале аймағында орналасатын жылыжай көлемі 65 мың шаршы метрді қамтиды. Алапат әйнек күмбез астында тропикалық гүлдер егіліп, құстар мекендейді. Амазониялық балықтарға арналған бассейн мен сарқырама салынады.

Архитекторлардың айтуынша, "Тропикалия" жобасы толығымен іші-сырты инновациялық техникалар негізінде жасалады. Құрылыс 2019 жылы басталып, 2021 жылы ашылады деп жоспарлып отыр.

А. Оралқызы