Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / Эйфель мұнарасы қызыл түске боялады

Эйфель мұнарасы қызыл түске боялады

Эйфель мұнарасы қызыл түске боялады

Әлемде “көрген де арманда, көрмеген де арманда” дейтін бір қала болса, ол – Париж. Ал, Парижді 130 жылдық тарихы бар Эйфель мұнарасынсыз елестету мүмкін емес. Енді оны қызыл түске боялған бейнесін көз алдыңызға келтіріңізші, қалай болар екен?

Біз қашан да Эйфель мұнарасын қоланың табиғи түсінде көруге дағдыланғанымызбен, ол осыған дейін ашық сарыдан қою қоңырға дейінгі түрлі реңдерге боялған екен. Ал, атаулы мерейтойға орай 2017 жылдың қазан айынан бері жүргізіліп келе жатқан қайта қалпына келтіру жұмыстары оны қызыл түске бояумен аяқталатынға ұқсайды.


Францияның Мәдениет Министрлігі мұндай қадам арқылы мұнараның 1889 жылы құрастырушы Гюстав Эйфель ұсынған сәттегі түпнұсқасын қайтаруды көздейді. Десе де, бұл соңғы шешім емес. Мамандар 129 жыл ішінде 18 рет ауыстырылған түстерді зерттеп, ең тиімдісін таңдауды мақсат тұтады. Оның тіпті, патенттелген "қоңырқай-Эйфель түсі" деген реңі де бар. 1968 жылдан бастап осы күнге дейін әр 7 жыл сайын мұнара осы түске боялып келді.

Францияның ең әдемі символын бояуға жалпы саны 25 қызметкер жұмылдырылады. 3 жылға созылатын үдеріс барысында 60 тонна бояу пайдаланылады екен.

Мақала соңында бір сұрақ қояйын. “Францияның Мәдениет Министрлігі мұндай қадам арқылы мұнараның 1889 жылы конструктор Гюстав Эйфель ұсынған сәттегі түпнұсқасын қайтаруды көздейді,” – деген сөйлемнен соң, неге қызыл түсті таңдағаны ой салары анық. Қалай ойлайсыз, неге қызыл түс? 

0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: www.parismatch.com, kilchichakov
Қосылған күні: 26 наурыз 2018, 13:04

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.