10 мың жыл тоқтамайтын «Мәңгілік сағат»

10 мың жыл тоқтамайтын «Мәңгілік сағат»

Механикалық сағаттар қанша уақытқа дейін тоқтамай жұмыс жасай алады деп ойлайсыз? Бірнеше жүз жыл ма? Бәлкім мыңжылдыққа бара ма? 

Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос тәжірибе жүзінде мәңгілік сағат жасап жатыр. Сағат Blue Origin ғарыш айлағының ішінде орналасқан. Аталған жобаға 42 миллион АҚШ доллары кетті.

Жоба жетекшілерінің айтуынша, әлемдегі ең алып механикалық сағат кем дегенде 10 мың жыл тоқтамай жұмыс жасауы керек дейді. Бұл туралы Джефф Безос өзінің twitter әлеуметтік желісінде жариялады.

Механикалық сағатты орнатуға арналған шахта 152 метр төмендікте бірнеше жыл бұрын қазылған. Шахтаның айналасы спираль тәрізді құрылыс жұмыстарына және сағатты жөндеуге арналған арнайы  баспалдақтармен қамтамасыз етілген. Сағаттың «жүрегінің» салмағы – 280 кг. Сағаттың тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін және қуат көзін беретін күн сәулесі дейді Джефф Безос.

Джефф Безос: «Сағаттың жұмыс істеу кезінде АҚШ өмір сүруін тоқтатады. Бәрі құлайды және жаңа ғасыр басталады. Жаңа басқару жүйесі пайда болады. Тіпті бұл сағат тоқтаған қандай жағдай болатынын ешкім білмейді».

Алып сағатты жасау идеясы Джефф Безосқа тән екен деп ойлап қалмаңыз. 1995 жылы инженер Дэнни Хиллис «бүгінмен емес ертеңді ойлап өмір сүру керек» деген ойымен бастаған. Сағаттың құрлысы аяқталған кезде оны тамашалау тегін болады деп күтілуде.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы 30 қала
Қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы 30 қала
6 айдан асқан балаға қосымша тамақ рационы
6 айдан асқан балаға қосымша тамақ рационы
Күндіз алған жарақат түндегіге қарағанда тез жазылады
Күндіз алған жарақат түндегіге қарағанда тез жазылады
99.99 – cөредегі бағалардың сыры
99.99 – cөредегі бағалардың сыры
ER-BATYR. Ержан Есімханов бала тәрбиесі мен ер адамдардың достығы туралы айтады
ER-BATYR. Ержан Есімханов бала тәрбиесі мен ер адамдардың достығы туралы айтады
Безгек – ең көне індет
Безгек – ең көне індет