Жаңа "Ferrari" жұрт назарына ілікті

Жаңа "Ferrari" жұрт назарына ілікті
Фото: Motor1.com

Батыстық басылымдарда "Ferrari" компаниясы шығарған жаңа автокөліктің суреттері жарияланып, жұрт назарына ілікті. "Ferrari 488 Pista" деген атауға ие болған жаңа суперкар наурыз айының басында Женевада өтетін автосалон кешінде таныстырылмақ.

БАҚ мәліметі бойынша, бұл автокөлік "Ferrari" компаниясы тарихындағы ең қуатты әрі үздігі болмақ. 8 цилиндрлі қозғалтқышпен жабдықталған. Қуаты 721 аттың күшіне тең. 2,85 секунд ішінде 96 км/сағ жылдамдықпен қозғала алады. Жоғары жылдамдығы 340 км/сағ-қа тең.

"Ferrari 488 Pista" суперкарының салмағы 1280 кг екен. Бұл осыған дейінгі маркаларынан 90 кг-ға жеңіл. Сыртқы кузовы да жаңарған. Осының әсерінен аэродинамикалық көрсеткіштері 20 %-ға жоғарылаған.

Кей бейресми ақпараттар бойынша "Ferrari 488 Pista" суперкарының құны 300 000 АҚШ долларын құрайтын көрінеді.

Ө. Сансызбай