Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Неге сағат сыйлауға болмайды?

Неге сағат сыйлауға болмайды?

Неге сағат сыйлауға болмайды?

Сыйлық таңдау ешқашан оңай шаруа болған емес. Жаныңызға жақын адамға тосын сый жасап, қуантқыңыз-ақ келеді. Алайда, ұната ма, ұнатпай ма? Мұндай сыйлық беру жақсы ырым ба? Дәстүр не дейді? Осы сынды жан-жақтан анталаған сұрақтар көңіл-күйіңізді су сепкендей басып тастайды. Осындай дау-дамайлы сыйлықтардың бірі – сағат. Былай қарағанда, сағаттан асқан керемет сыйлық жоқ сияқты. Бірақ, үлкендер немесе құрбы-құрдастарыңыз "жоқ, сағат сыйлауға болмайды, бұл жаман ырым" дегенді көп айтып жатады. Мұның сыры неде екенін білгіңіз келе ме? Бізбен бірге болыңыз!

Біздің қазекең сағатты айырылысудың нышаны, сағат тоқтағанда, сендердің де қарым-қатынастарың тоқтап қалады деп ырымдайды. Үлкендер жастарға жақын адамдарыңа сағат сыйламағаның жөн деген кеңестер беріп те жатады. Тіпті, ел аузында үйлену тойына тарту етілген сағат жас жұбайлар некесінің тез бұзылуына алып келеді, бақытты адамдар сағат тақпайды деген сөздер де аз айтылмайды.

Сағат сыйлауға болмайды деген наным-сенім біздерге Қытайдан келген. Осы елдің тұрғындары сыйға алынған сағат – жерлеу рәсіміне шақыру деп түсінеді екен (кімнің екені белгісіз). Ырым біртүрлі естілгенімен, көп халық бұған шүбәсіз сенеді.

Ырымның екінші бір себебі ежелден бері сыйлыққа өткір зат беруге болмайды деген тыйымда жатыр. Пышаққа қатысты мұндай тыйымдардан өзіңіз де хабардар боларсыз. Өткір тілді сағаттар дәл осы тыйым салынған заттардың қатарына жатады. Жорамалға келісер болсақ, өткір заттарды сыйлау арқылы сол адаммен қарым-қатынасыңызды өз қолыңызбен қырыққан боласыз.

Әрине, мұның бәрін де ырымшыл адамдарға арналған мәліметтер деп қабылдаған дұрыс. Сондай-ақ мұндай нанымдардан хабары бар танысыңызға сағат сыйлар болсаңыз, ренжітіп алуыңыз әбден мүмкін. Енді бір жағынан, бәрі де шын көңілмен берілгенін есіңізден шығармағаныңыз жөн. Сондықтан, жоғарыдағы ырым-тыйымдарға сену де, сенбеу де өз құзырыңызда!

Суреттер:amazonis.ru,shoppingcenter.ru,kakkogdagde.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

19178 8
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 22 қараша 2012, 10:35
Пікірлер
+0
22 қараша 2012, 12:10

Бос сөз ) Сағатқа аксессуар ретінде қарап, сыйлай беру керек. :roll:

+0
22 қараша 2012, 12:19

жақында әпкемнің туған күні болған, сағат алып бергім келіп еді, әдемі күмістерді көріп айнып қалдым. Осындай ырымдарды алдын да естіп жүргем, мән бермедім... кейін сыныптасы сағат сыйлағаны естідім, алмағаным үшін қуанып кеттім :)

+0
22 қараша 2012, 12:50

кез-келген сыйлық шын көңілмен сыйланса болды ғой. Сыйлық алатын адамға ұнау керек. Ал сағатқа байланысты ырымға сенбеймін!

+0
22 қараша 2012, 14:19

ырымдарға сенсең өмір сүруден қаласың

+0
22 қараша 2012, 14:37

Сыйлағанмын, сыйлыққа да алғанмын

+0
22 қараша 2012, 16:20

сыйлыққа алған едім, осымен 3-ші жыл тағып жүрмін.

+0
22 қараша 2012, 17:20

осы қытайлар сапасыз зат қана шығармайды, миға симайтын ырым да шығарады екен ;) Сағат - сағат! Басқа ешнәрсе ойлап қажеті жоқ! Біз бір ағайымыздың үйлену тойына сағат сыйладық! Рас айтам, ойымызда дым да болмады, Енді қаз ойлап отырмын олар жаманға балады ма екен деп :roll: Ештеңесі жоқ, шын көңілімізді ескеріп, қазір қолынан тастамай тағып жүр. Неке жүзігінен кем көрмей, біздің сағатты да тағып жүргеніне біз жүрміз мәз бооооп ;)

+0
23 қараша 2012, 11:38

луиза сол сағттың арқасында дайындық болмай кеткен жоқ па?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...