Болашақ студенттерге: Алматы қаласында адаспау үшін

Болашақ студенттерге: Алматы қаласында адаспау үшін
Фото: http://info.2gis.ru

Өзге қалаға саяхаттау барысында туындайтын мәселелердің бірі – көше атауларын білмеу. Айналамыздағы дүкен, жақын маңдағы ауруханаларды да бірден таба қою қиындық туғызары сөзсіз.  Бірақ, технологияның заманында көшеде адасып жүрудің өзі күлкілі көрінеді. Бұдан шығатын жол қайсы?

2GIS — бұл қаланың картасы мен мекемелер туралы анықтама беретін бағдарлама. Картадан кез келген мекеменің (дүкен, дәріхана, мейрамхана...) атауын енгізіп немесе көшелерді оңай табуға болады. Бұл картаның мүмкіндігі сіз ойлағаннан да ауқымды.  

Карта дәлме-дәл жасалған: барлық үйлер, құрылыс орындары нөмірленген, неше қабатты екені де көрсетіледі.

• Барлық мекемелердің анықтамалық телефондары мен олардың жұмыс уақыты ақпарат ретінде енгізілген. Сонымен қатар, барлық ақпарат жылына үш рет 2GIS  компаниясының call-орталығы арқылы тексерістен өтіп тұрады.
• Бағытыңызды анықтап қана қоймай арақашықтықты есептей аласыз. Белгіленген орынға баратын қоғамдық көліктердің тізімін алып, жұмсалатын уақытыңызды есептеуге де мүмкіндік туады.

Оны компьютеріңізге офлайн түрде жүктеп алып, қарай аласыз. Сонымен қатар, мобильді нұсқасы да зор қолданысқа ие. Бұл анықтамалық интернет қосуды қажет етпейді. Кез келген уақытта сізге көмекші болады. Бастысы: тегін, ақпараты толық және түсінікті.

Күз айы жақындап келеді. Яғни, студенттер қаласы тағы жастармен толығады. Бұл бағдарлама өзге қаладан арман қуып Алматыға келген жастарға септігін тигізері сөзсіз. 

Т. Есқали