Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Білесіз бе? / YouTube желісінде ең көп қаралымға ие бейнебаян

YouTube желісінде ең көп қаралымға ие бейнебаян

YouTube желісінде ең көп қаралымға ие бейнебаян

Осыдан бес жыл бұрын YouTube-ке жүктеліп, мегахитке айналған Gangnam Style клипі қаралу саны бойынша See You Again бейнебаянынан артта қалып қойды. Оңтүстіккореялық әнші Psy-дің танымал әні бірнеше жыл YouTube-те ең көп қаралған видеороликтердің көшін бастаған еді, деп хабарлайды Baq.kz.

Қазіргі таңда Гангнам Стайл бейнебаяны видеохостингте 2 894 738 325 рет қаралды. Алайда рэпер Уиз Халифаның әнші Чарли Путпен бірге жазған See You Again бейнеклипі Gangnam Style-ды басып озды. «Форсаж-7» фильміне түсірілген саундтректердің бірі болған See You Again YouTube-те 2 896 361 095 рет қаралыпты.

Энтузиастар бұл клиптің жалпы қаралу уақыты 21 759 жылды құрайтынын есептеп шықты. «Мен YouTube-ке 2007 жылы тіркелдім, ол кезде клиптің 10 мың рет қаралғанын армандайтынмын. Міне, осылай See You Again клипі жарыққа шықты», - дейді әнші.

Тыңдармандардың жүрегіне жол тартқан ән актер Пол Уокерге арналған. Пол Уокер «Форсаж» фильмінің жетінші бөлімі түсіріліп жатқанда қаза тапқан болатын.

Ютубке жүктелгеннен кейін алты ай ішінде бейнеклип бір миллиард рет қаралды, ал былтыр қыркүйекте қаралу саны екі миллиардқа жетті. Алайда сарапшылардың болжамынша, жақын арада Луис Фонсидің Despacito клипі көш басына шығып кетуі бек мүмкін. Аталған бейнеклип жарты жылдың ішінде 2,5 млрд рет қаралған.

Айта кетсек, YouTube-те ең көп қаралған 50 роликтің 47-сі – музыкалық клиптер.

 

Дереккөз: Baq.kz 

Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: http://www.independent.co.uk
Қосылған күні: 15 шілде 2017, 18:05
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.