Facebook желісіндегі жарнамалардан құтылыңыз

Facebook желісіндегі жарнамалардан құтылыңыз
Фото: http://giaobao.com

Facebook желісіндегі минут сайын ытқып шыға келетін жарнамалар мазаңызды әбден алып жүрген болса, одан құтылудың жолын ұсынатын арнайы бағдарламалар бар.

Adblock Plus плагині сайттың жанына, бастапқы бетіне, кейін белгілі бір батырмаларды басқаннан соң шыға беретін жарнамаларды жасыруға көмектеседі. Бүкіл сайттардың табыс көзі – жарнама екені белгілі. Жарнама дәл қазір вирус секілді. Оның антивирусы – тек Adblock Plus секілді плагиндер.

Adblock Plus плагині сонымен қатар, мынандай қызметтерді де істен шығаруы мүмкін:

– Сізге ұнаған музыкалық парақшалар

– Ойын-сауық парақшалары

– Қатарға қосып қойған фильмдер тізімі

– Сіз тануыңыз мүмкін адамдар тізімі

– Дауыс беру мүмкіндіктері

– Тегін жаңалықтар қызметі

– Ұсынылған парақшалар

– Достарды іздеу мүмкіндігі

– Ойындарды ұсыну

– Жақын маңдағы орындар

– Достарыңыз ұсынған ақпараттар

Дегенмен, уайымдамаңыз. Бұл қызметтерді өзіңіздің қалауыңызбен өшіріп, қайта іске қоса аласыз.

Adblock Plus плагинін қалай орнатамын?

Ол үшін, алдымен, плагиннің арнайы сайтынан өзіңіздің браузеріңізге (Mozilla Firefox, Chrome, Opera) тиісті бағдарламасын жүктеп алыңыз.

Сіздің браузеріңізге сәйкес тілдік орнатылымдар жүзеге асады. Кейін өзіңізге керек қызметтер жүйесін орындаңыз. Осылайша, ғаламтор әлеміне еркін саяхаттаңыз.

Т. Есқали