Youtube арқылы ақша табыңыз

Youtube арқылы ақша табыңыз
Фото: http://o-polze.com

Ғаламтор арқылы ақша табудың ең тиімді жолы – Youtube желісінде өз арнаңды ашу.

Youtube – өзге әлеуметтік желілерге қарағанда ерекше: видеомен жұмыс жасай алуың керек. Оқиға желісін ойластырып, оператор, дыбыс режиссері болуға әрі видеоны өңдей алуға тиіссің.

Youtube арнаңызды өзіңіздің сүйікті ісіңіз ретінде қарастырыңыз. Әр жұмысыңыз өзіңізге қуаныш сыйлай білуі керек. Кейбір арналар тек көрермен үшін жұмыс жасайды. Олар сонысымен жеңіледі. Сонымен қатар, арнаңыздың дамуы – уақытты керек ететін ұзақ үдеріс. Алғашқы пайдаңызды көру үшін бірнеше видео түсіріп, оны жариялауыңыз керек болады.

Бірінші дайындық жұмыстарын жүргізіңіз

Алдымен өзіңіздің болашақ видеоларыңыздың қандай тақырыпты қамтитынын, қандай бағытта ілгері жылжитынын саралап жоспар құрыңыз. Алғашқы видеоңыздың оқиға желісін құрастырыңыз. Сіздің тақырыбыңыз қаншалықты халық арасында сұранысқа ие болады, видеоңыздың көрермендері кімдер болмақ деген сұрақтарға өз бетіңізше жауап қатыңыз. Бәсекелестеріңіздің қаншалықты күшті не әлсіз екенін аңғарыңыз және жұмысыңызды сапалы жасаңыз.

Өз арнаңызды ашыңыз

Тақырыбыңыз тар шеңберде қалып қоймасын. Ауқымды мәселелерді көтерер болсаңыз тіпті жақсы. Әзілді контентті де ұмытпаңыз. Әрі өзіңіздің тақырыбыңызға сай ілмек сөздерді дайындаңыз.

Контент жасақтаңыз

Көп влогерлер ақша табуға асығады да, контенттің не екенін естерінен шығарып алады. Дегенмен, жарнама берушілер жазылушысы жоқ, көрілім саны аз арналармен жұмыс жасамайды. Сол себептен, бастапқыда видео-контентіңізді көбейтіңіз. Олардың ұзақтығы әртүрлі болады. Дегенмен, адамдарды жалықтырып алмау үшін 5-20 минут аралығында жасағаныңыз дұрыс.

Өзіңіздің көрермендеріңіздің аумағын қарастырыңыз

Жазылушыларды қолдан айналдырып алу септігін тигізбейді. Егер жазылушыларыңыз 1 миллион болып, көрілім саны небәрі 1000 болса оның мәні қандай? Одан да сіздің арнаңыздағы контентке деген қызығушылығы бар адамдардың назарын аудара біліңіз. Жұмысыңызбен әлеуметтік желілерде бөлісіңіз және жазылған пікірге жауап қатып, әр көрерменмен жеке жұмыс жасаңыз.

Медиажелілік бағдарламалармен серіктестік қарым-қатынас орнатыңыз

Медиажелілік бағдарламалар арнаңыздағы видеоларды жиі бақылауға алмайтындықтан, сіздің құлыптау режиміне түсу мүмкіндігіңіз төмен.  Атақты медиажелілік бағдардамалар тізімі мынандай:

– Agency of Internet Rights

– Quiz Group

– VSP

– ATG Media

– Xmedia

Әр желінің өзіндік талаптары бар, олар комиссияны керек етумен қатар, ақшаны қалай өндіруден бастап, қарама-қарсы байланыс орнатуға дейін мән береді. Кейбір желілер арнаңыздың дизайының дамытуға қол ұшін созады. Дегенмен, кей медиажелілер тек жазылушылар санына мән береді. Егер сіздегі ол көрсеткіш 1000-3000 аралығында болмаса сізбен жұмыс жасаудан бас тартады.

Жасырын жарнаманы іске қосыңыз

Автоматты түрдегі жарнамаға көп адам құлыптау орнатқан. Сондықтан бұл істе сіздің жетістікке жетуіңіз екі талай. Жарнама берушілермен  сіз өзіңіздің видеоңызда оларды атап өтетініңізді немесе іс-әрекет барсында олардың затын пайдаланатыныңызды айтып көндіріңіз. Дегенмен, артық қыламын деп көрермендеріңізді жоғалтып алмаңыз. 

Жарнама видеоларды дайындаңыз

Кейде контентіңізге жарнама видеоларды да салып тұрыңыз. Бірақ, креативті түрде, жарнама екенін білдіртпей жасағаныңыз тиімді. Видеоның сипаттамасына жарнама берушілердің сілтемесін қалдыра аласыз. Сол сілтемеге арна арқылы өткен сайын сіздің алатын ақшаңыздың пайызы өсе бермек.

Жарнама мен серіктестік ұйымнан бұрын сіздің контентіңіз бен көрерменге ұсынарыңыз әлдеқайда маңыздырақ. Олар халық арасында сұранысқа ие болуы керек әрі сапалы болуы тиіс. Бірнеше уақыттан соң жарнама берушілердің өзі сізбен байланысқа шығады.

Іске сәт!

Т. Есқали