Apple компаниясының аңызы

Apple компаниясының аңызы
Фото: https://www.iphones.ru

Apple компаниясының атауын естіген бойда көз алдыңызға Стив Джобс келері анық. Сол атақты Стив Джобспен бірге жұмыс жасап, іPhone, iPod, iMac секілді құрылғылардың дизайнын жасақтаған адамның бірі – Джони Айв. iOS бағдарламасы дизайнының авторы да осы адам. 2014 жылы Линдер Канидің «Джони Айв – Apple-дің аңыз дизайнері» атты кітабы жарыққа шыққан болатын. Джони Айвтың бізге беймәлім тұстары кітапта жазылады. Соны сіздердің назарларыңызға ұсынамыз:

– Айв  күмістен бұйым жасаудың шебері болған әкесінің ізімен жүрді. Әкесі Ұлыбританиядағы дизайн мектептерінің оқу жоспарын жасауға қол ұшын созатын. Сол мектептен мыңдаған керемет дизайнерлер түлеп ұшты. Қатарында Джони де бар.

– Ұялы телефон мен сағаттардың дизайнын жасақтаумен ол ерте жастан бастап айналыса бастады. Джонидің ұстаздарың бірі «Айв студент бола тұра, жіңішке, заманауи құрылғылардың алғашқы нұсқаларын жасай бастады. Жасаған жұмыстарының ұсақ-түйегіне дейін дұрыс болуын қатты қадағалайтын»,– дейді.

– Айвтың алғашқы жұмыстарының бірі дәретхана дизайнын жасақтау болатын. 1989 жылы Tangerine дизайн орталығына жұмысқа тұрады.

– Айв Apple компаниясынан жұмыстан кетпек болады. Дегенмен, оның басшысы Джон Рубинштейн құнды қызметкерін жоғалтпау үшін оның мансабын өсіреді.

as

– Стив Джобс өзіне жасалған отадан соң көргісі келген екі адамның бірі – Джони Айв. Ал, екіншісі Джобстың жары – Лорин.

– Джонатан технологияны сүйеді. Ол тіпті ең шулы ортада да жұмыс жасай алады.

– Apple дизайн студиясында Айвтың жеке кабинеті бар. Оны өзгелер «Әйнек куб» деп атайды. Себебі, онда тек үстел, орындық, жарық қана бар. Тіпті жақындарының суреттері де жоқ.

– Өзге қызметкерлермен салыстырғанда Айв ешқашан балаларын дизайн-студиоға ертіп келмеген. Өйткені, ол өзінің барлық жұмысын құпия ұстағанды жақсы көреді.

–Джонатан Apple компониясының бас директоры болуды қаламайды. Оның әріптесі Кани: «Джонни үшін компанияның басқару орындары маңызды емес. Ол үшін ешқашан басын ауыртпайды»,– деген болатын.

Байлықтың оққағарлары – қарапайыымдылық. Оны осындай ұлы жобаларды жасақтаған адамдардың іс-әрекеті дәлелдейтіндей. 

Т. Есқали