Google көмегімен суретші болыңыз

Google көмегімен суретші болыңыз
Фото: https://aiexperiments.withgoogle.com

Google AutoDraw атты ақылды құрылғыны қолданысқа берді. Жасанды ойлау жүйесін қолдана отырып, сервис қолданушының бейнелегісі келген суретті аңғарады да, жетілген нұсқаны ұсынады. Суретке қабілетіңіз болмаса да, суретті құттықтау хаты мен әдемі картинаны қолдан жасап шығару үшін бірнеше минуттыңызды бөлсеңіз жеткілікті.

AutoDraw  – осы уақытқа дейін қолданып келген Quick, Draw! сервисінің  жетілген түрі. Жаңа редакторда жүздеген үлгілер бар. Сонымен қатар, кәсіби суретшілер құрастырушылармен хабарласып,  өз жұмыстарын үлгі ретінде ұсына алады. AutoDraw сервисін компьютердегі браузер арқылы әрі ұялы телефонда қолдануға болады. Ал салынған суретті жүктеп, әлеуметтік желілерді таратуға мүмкіндік бар. 

Т. Есқали