Қытайлар 57 қабатты үйді 19 күнде салды (Видео)

Қытайлар 57 қабатты үйді 19 күнде салды (Видео)

Еңбекқор Қытай азаматтары адам мүмкіндігінің шексіз екенін тағы бір дәлелдеді. Олар 57 қабатты алып ғимарат құрылысын 19 күнде аяқтап рекорд орнатып отыр. Бұған сену қиын, әрине. Дегенмен, төмендегі Time Lapse режимінде түсірілген видеодан құрылыс барысын толық көруге болады.

57 қабатты ғимараттың жалпы ауданы 180 мың шаршы метр. Құрылыс әдісі LEGO ойыншығының принципіне ұқсайды. Арнайы жасақталған құрылысшылар тобы тәулігіне 3 қабат көтеріп отырған. Ғимаратта 800 жайлы пәтер мен 4000 адамды жұмыспен қамтамасыз ете алатын кеңселер бар.

Осы құрылыста қолданылған әдістің арқасында компания 15 000 жүк көлік цемент үнемдеді. Бұл қоршаған ортаға цемент тозаңы әдеттегіден біршама аз шашылды деген сөз. Айта кетелік, қазір Қытайдың басты проблемаларының бірі – ел экологиясы. Бұл ретте, жаңа әдістің елге берері көп болып отыр.

Сурет: www.thenational.ae

Оқи отырыңыз: 

Қытайда 3D-принтермен 5 қабатты үй салынды

Африкадағы ең биік ғиамарат Мароккода салынады

Шалбарға ұқсас ғимарат тұрғызылды

Еуропадағы ең биік ғимарат

Ж. Өрісбай