Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Шалбарға ұқсас ғимарат тұрғызылды

Шалбарға ұқсас ғимарат тұрғызылды

Шалбарға ұқсас ғимарат тұрғызылды

Кейде дарын иелері де асыра сілтеп жібереді. «Артық қыламын деп, тыртық қылды» деген осы да!

Қытайдың Xinhua ақпараттық агенттігі жақында Сучжоу қаласында бір ғимараттың құрылысы бітеді деп хабар берді. «Шығыс қамалы» атауын алып үлгерген ғимарат, өкінішке орай ойдағыдай болмай шықты. Ғимарат үлкен шалбарға ұқсап қалған.  

Сәулетші бұл жаңалықтан кейін әр тараптан келген сыни көзқарастың астында қалды десек те болады. Қытай блогерлерінің арасында «Бұл ғимарат шығыс қамалы емес, шығыстың шалбары деген атау алуы керек" деген сөз гуілдеп тұр.

Биіктігі 278 метр болатын «есік» «Suzhou Chianing Real Estate Co., Ltd» компаниясының туындысы. Сәтсіз үйдің ішінде кеңсе, дүкен, пәтер, қонақ үйлер болады деген жоспар бар. 8 жылдан бері соғылып келе жатқан ғимарат биыл ашылады. Оған 700 000 000 АҚШ доллары жұмсалыпты. Құрылыс менеджері Ксу Канг бұл жобаны толығымен ақтап алғысы келеді. Мұндай стиль, оның айтуы бойынша, саябақ есіктерінің және ежелгі қытай қалаларының қамалына ұқсайды екен.

Ал Сеулдегі вело-ғимараттарға келсек...

«Asymptote Architecture» Нью-Йорк компаниясының құрылысы әжетхана қағазына ұқсайды. Биіктігі 153 метр болатын егіз-ғимарат 30-қабат төңірегінде асылып тұрған көпір арқылы бір-біріне жалғанады. Онда фитнес-орталықтар мен кеңселер, қоғамдық зал мен бассейндер, одан қалды түрлі демалыс орындары мен қолдан жасалған саябаққа дейін бар екен.

Оңтүстік Кореядағы «Бұлт» ғимараты

MVRDV сәулет компаниясы Кореяда тура Нью-Йорктегі 9/11 атауын алған, қазірде жойылған егіз-ғимараттар секілді ғимарат соғуды ұсыныпты. Тіпті ұшақ соғылған кездегі сәтті еске түсіретін шаң-тозаң бұлтын да жасау ұмытылмаған.  

Ғимараттың жалпы көлемі 128 мың шаршы метр. «Бұлт» 10-қабатта жасалған. Онда бассейн, мейрамхана, кафе және конференция өткізу залдары бар. Бір қызығы, құрастырушылар жанып жатқан ғимаратқа ұқсап қалғандығын білмегендіктерін айтып, кешірім сұрапты. Жоба әлі аяқталған жоқ, сол үшін де оның болашағы беймәлім қалып отыр.  

Asahi сыра қайнататын компаниясының бас кеңсесі мынау...

Жапонияның Сумида өзенінде орналасқан ғимарат Токиодағы ең танымал жобаларының бірі болып саналады. Кеңсе 2 ғимараттан тұрады. Оның бірі 100 метрлік сыра «саптаяғы» болса, ал екіншісі сыра құйылған ыдыс, ал оның үстінде «сыра жүрегінің жалын оты» деп жоспарланған «зат» тұр... Сіз мұны неге ұқсатар едіңіз?  

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: bugaga.ru

3561 10
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 22 қазан 2012, 15:19
Пікірлер
+0
22 қазан 2012, 14:58

Нағыз прикол деп осыны айт, жобаларын талай адам бекіткен болар, қайда қараған?

+0
22 қазан 2012, 15:00

:lol: ұжс қой мыналар )

+0
22 қазан 2012, 15:02

бұдан да қызығы бар еді, шіркін.... :lol:

+0
22 қазан 2012, 15:35

:lol: :lol: :lol:

+0
22 қазан 2012, 15:58

:lol: :lol:

+0
22 қазан 2012, 16:31

Бекіткен адам сол күні жұмысқа ұйқысы қанбай келген-ау шамасы)))

+0
23 қазан 2012, 01:24

Қызық екен! Мен өзім архитектормын. Ғимаратты әр нәрсеге ұқсатып салу сәулет өнерінде кең тараған, яғни қазіргі кезде көп қолданылып жүрген бағыт болып табылады. Ал оның сәтті шығуы сәулетшінің шеберлігіне, фантазиясына байланысты.

+0
23 қазан 2012, 08:17

былай жаман емес сияқты.. ;)

+0
30 қазан 2012, 12:08

Бір күні адам секілді ғимарат шығатын шығар :)

+0
04 қараша 2012, 00:32

егер бұл суретке Қытай мәдениеті мен тарих тұрғысынан қарасақ бұл зат шынымен де сыраға байланысы бар! себеп: қытайдың " Батысқа саяхат" мифологиясын қараған болсаңыздар онда Суң Куң деп аталатын маймыл тектес 72 түрлі сиқыр білетін адам осы іспетті құтыдан арақ ішеді. сол сияқты Жапондықтар да азияттықтар қатарына кіргендіктен олардың мәдениетінің ұштасуы да ғажап емес!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...