Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Ең, ең,ең... / Феррари жайында қызықты фактілер

Феррари жайында қызықты фактілер

Феррари жайында қызықты фактілер

1. Энцо Феррари 1898 жылы 18 ақпанда Модена қаласының маңында дүниеге келген. Оның атасы көкөніс сатумен айналысқан, ал әкесі Альфредо жергілікті теміржол шеберханасында тегістеуші боп жұмыс істеген екен. 

2. Энцо алғаш рет 10 жасында көлік жарысына көңілі ауған, ал 13 жасында көлік жүргізіп үйренген. Бірінші Дүниежүзілік Соғысқа мүгедектігіне байланысты жіберілмеген. Ал әкесі мен туған асғасы соғыста қаза тапқан. 

3. 1920 жылы көлік жарысына Alfa Romeo тобының жарысушысы боп қатысып, Targa Florio атты көлік жарысында екінші орынды иемденеді. 1929 Alfa тобынан кетеді.

4. Ферраридің Альфа үшін жасаған жаңалығы бір орынды Bimotore деп аталатын жарыс машинасы еді. Оның алдыңғы және артқы жағында да қос қозғалтқышы бар болатын. Бұл жарыс көлігі жүйрік болғанымен, мүлдем басқарылмайтын еді.

5. 1940 жылы Энцоның Auto Avio Construzione атты жеке компаниясы Фиат негізінде жарыс көлігін жасап шығарады. Сол жылы Mille Miglia жарысында Альберто Аскари осы көлікпен қатысып, алғашқы боп келе жатып, қозғалтқышы жарылған. Бұны Фиат негізіндегі бөлшектердің әсерінен кеткен қателік деп тапқан.

6. Ferrari-дің алғашқы көлігі - 1947 жылғы Tipo 125 көлігі еді. Оның V12 қозғалтқышын Джаочино Колумбо құрастырған екен, ал көліктің өзі Маранелло қаласында құрастырылған.

7. Ferrari-дің алғашқы жеңісін Римде өткен Caracalla көлік жарысында көреді. Көлікті Франко Кортесе басқарған екен.

8. 1949 жылы Ferrari өзінің Гран-При жүлдесін Швейцарияда өткен байқауда атап өтеді. Бұл байқауда компрессорлық Ferrari 125 көлігін басқарған Альберто Аскари еді.

9. Феррари өзіндік жеке қасиетін қалыптастырды: 1950 жылдардың ортасында ол үнемі күннен қорғайтын көзілдірік киіп жүретін болған, тіпті, ғимараттың ішінде де. 

10. Ferrari көлігінің логотибі неге атпен байланыстырылған? Барон әйелі Баракка ат бейнеленген логотипті Феррариге сыйға тартқан екен. Оның ұлы әуе шайқасының шебері болған. Бірінші Дүниежүзілік соғыста қаза тапқан ұлы осы ақ түсті фонға бейнеленген атты өзінің ұшқыш белгісі ретінде есептеген.

11. Энцоның анасы Адальгиза мен оның жары Лаура бір-бірін аса ұната қоймапты, бұл жағдайға қарамастан, Энцо Моденадан үлкен сәні мен салтанаты жарасқан сарай сатып алып, анасы мен жарын бір шаңырақ астына қосқан. Анасы Адальгиза 1965 жылы піскен жұмыртқаға түйіліп, қаза тапқан. 

12. Ford 1963 жылы 18 миллион АҚШ долларына Ferrari-ді сатып алмақшы болады, Энцо бұған қарсы болады, себебі Энцо америкалықтардың көлік жарысын басқарғанын қаламаған. Дегенмен Форд GT40 атты жарыс көлігін жасаған.

13. 1950 жылдардың ортасынан бастап, Ferrari Pininfarina атты көлік дизайнын құрастыратын италиялық фирмамен бірігіп, жұмыс істей бастайды. Осы уақытта аталған фирманың бастығы Серджио Пининфарина Ferrari комнапиясының 1%-ын ғана иемденген. 

14. 1976 жылғы Ferrari 400GT— Ferrari-дің берілістер қорабы автоматты түрде жүзеге асатын алғашқы көлігі.

15. 1980 жылы төрт есікті Ferrari көлігін шығару жоспарланған. Pininfarina ұсынған Pinin үлгісі көпшілікке ұнағанмен, Энцо бұл үлгіге қарсы болып, шығарылуына тоқтау салады.

16. 1987 жылы Ferrari көлігінің 40 жылдық мерейтойына арналған F40 көілігі Ұлыбританиядағы ең қымбат көлік ретінде есептелген. Оның құны – 193 299 фунт стерлингті құраған.

17. 1988 жылы 14 тамыздың таңында Энцо Феррари 90 жасында дүниеден озады.

18. 1989 жылы Ferrari Формулы 1 байқауына арнап Ferrari Tipo 640 көлігін жасайды, оның ерекшелігі – жартылай автоматтандырылған қораппен басқарылады, оған қоса, шапшаңдық тұтқышын басқа жылдамдыққа ауыстыратын құрылғысы көлік тұтқасының жанына орнатылған. Бразилияда өткен көлік жарысында осы көлікпен Найджел Мэнселл Гран-При жүлдесін иемденген.

19. Ferrari үлгілері атауларының да өзіндік тарихы мен сыры бар. Алғашқы Ferrari Tipo 125 үлгісінің атауындағы 125 саны көлік моторының цилиндрінің көлемі 125 куб.см-ге тең. Бірақ Ferrari Dino үлгісінен бастап, 2,4 литрлі 6 цилиндр деген мағынаны білдіретін 246 Dino атты көліктер шығарыла бастады.

20. Ferrari каталогіндегі көліктің ең қымбат бөлшегі – 599GTB Fiorano үлгісіне арналған қозғалтқышы. Оның құны, шамамен, 70 000 АҚШ долларын құраса керек.

Оқи отырыңыздар:

1. Porsche электромобильдер нарығына көшеді

2. Әлемдегі ең жылдам мотоцикл жайында не білесіз?

3. Тоқпен жүретін көліктің дамытылған түрі шығарылуы мүмкін

4. Әйнектен жасалған көлік көргенсіз бе? (видео)


Сурет: allcarz.ru, wpapers.ru, avtomaniya.com

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы
Қосылған күні: 10 наурыз 2015, 17:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.