Porsche электромобильдер нарығына көшеді

Porsche электромобильдер нарығына көшеді

Жалпы көлік өндірісінің даму үдерісіне мән берер болсақ, жуырда электромобильдер кезеңіне ауысамыз. Себебі әлемнің дербес авто концерндері Tesla Model S электромобиліне қызығушылық танытуда. Болашақтағы көлік нарығының толығымен өзгеруіне сене бастаған компаниялар өздерінің тоқпен жүретін көлік технологиясын жасақтауға көшуді ұйғарды.

Әлемдегі ең қуатты көліктерді өндіруші Porsche компаниясы да бұл орайды жіберіп алғысы келмейтінін білдірді. Аталған компанияның инженерлері әзірге 717 сандық атауына ие модель үстінде еңбек етіп келеді.

Ғаламтордағы бейресми ақпараттарға орай, жаңа көлік төрт орынды спорт стилінде болмақ. Айта кетсек, бұл көлік неміс компаниясының бізге белгілі Panamera және 911 брендті көліктерінің гибридті концептіне ие болған. Ал оның қуаты 400-ден 600 (әр көліктің құрастырылымына байланысты) ат күшіне дейін жетеді. Сонымен қатар, Porsche 717 электромобилі тоқтаусыз 450 шақырымды басып өте алады екен. Одан бөлек, оның қуаттау технологиясы жаңа инновациялық жүйемен жабдықталып, жылдам тоқ қуатын қамдану мүмкіндігін береді.

Өкінішке орай, әзірге басқа техникалық мінездемесіне қатысты ақпараттар жарияланбады. Көліктің сыртқы дизайнына көңіл бөлсеңіз, 911 концепті негізінде жасалғанын байқайсыз. Ал мамандардың айтуынша, электромобильдің әзірге белгісіз техникалық негізі Panamera құрылымында дайындалған.

Porsche 717 электромбилі 2019 жылы сатылымға шығады. Ал оған дейін Tesla Motors компаниясы нарықтағы беделін әлдеқайда шарықтатып алары анық. 

Сурет: www.topspeed.com

Оқи отырыңыз: 

iMove (Apple) электромобильдері 2020 жылға қарай шығады

Google-дың бірінші толыққанды жүргізушісіз көлігі келесі жылы шығады

АҚШ-та электромобильдерді энергиямен қамту орталықтары көбеймек

Детройтта 3D-принтермен жасалған көлік таныстырылды

Ж. Өрісбай