Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Ең, ең,ең... / Тоқпен жүретін көліктің дамытылған түрі шығарылуы мүмкін

Тоқпен жүретін көліктің дамытылған түрі шығарылуы мүмкін

Тоқпен жүретін көліктің дамытылған түрі шығарылуы мүмкін

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, Tesla Motors компаниясының P85D көлігінің жаңартылған нұсқасы 100 км/сағ жылдамдыққа 2,8 секундта жете алады. Жылдамдыққа жаны құмар адамдар үшін бұл үлкен қуаныш. Model S P85D электрокөлігі осыған дейінгі рекордты (3,2 секунд) жуырда ғана орнатқан еді.

Бұл туралы Tesla Motors Club форумынан ақпарат ала алған anxman есімді қолданушы хабарлады. Ол былай деп жазады:

«Мен TM компаниясына қатысты бейресми ақпаратты растаймын. Tesla инсайдерлерінің хабарлауынша, компанияның P85D көлігі сағатына 100 шақырым жылдамдыққа жету үшін небары 2,8 секунд жұмсайды. ...Мен ақпарат алған ресурс – Tesla Motors компаниясының қызметкерлері. Бұл ақпаратқа күмәнмен қарауларыңызға да болады. Себебі, мен бұл тәжірибенің куәсі болған емеспін».

Расында, шын ақпарат деуге келмейді. Бірақ Элон Маск басқаратын компанияның электромобильдер нарығындағы жетістіктері аз емес. Мүмкін бұл жаңалық ресми расталар.

Айта кетелік, электромобильдер өндірісі тек Tesla Motors компаниясын қызықтырып отырған жоқ. Ендеше, біріншілікке таласатын автоөндірушілердің бірінен кейін бірі жаңа рекорд орнатуға тырысатыны белгілі.

Сурет: hi-news.ru

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та электромобильдерді энергиямен қамту орталықтары көбеймек

Tesla Model S P85D электрокары жаңа әлемдік рекорд орнатты

Bentley тарихындағы тұңғыш жол талғамайтын көлік

Tesla Model X электрокарының қытайлық аналогы шықты

Детройтта 3D-принтермен жасалған көлік таныстырылды

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Қосылған күні: 29 қаңтар 2015, 14:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->