Әйнектен жасалған көлік көргенсіз бе? (видео)

Әйнектен жасалған көлік көргенсіз бе? (видео)

Автокөлік қауіпсіздігін бақылайтын әлемдегі беделді компаниялардың бірі – TRW Франкфуртте әйнектен жасалған көлікті таныстырды.

Бүкіл сыртқы қаңқасы әйнектен жасалған автокөлік жұртшылықтың таңданысын тудырғаны анық. Көзге көліктің ішкі бөліктерінің барлығы да айқын көрінеді. Сонымен қатар, автокөліктердің сыртқы қаңқасынан көрінбейтін ішкі бөлшектерінің жұмыс істеуін қонақтарға көзбен көру бақыты бұйырды.

Әйнектен жасалған автокөлікте оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сақтандыру жастықшасын, түрлі тетіктерді, тежегіш жүйесін, қауіпсіздік белбеуін анық көруге болады.

 

 

Әйнекті автокөлікті жасалу сәтінен көрініс.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: automir.in.ua

Ө. Сансызбай