Коронавирус: Пандемия кезінде ойлап табылған өнертабыстар

Коронавирус: Пандемия кезінде ойлап табылған өнертабыстар
Фото: vk.com

Тарих көрсеткендей адамзат қиын жағдайға тап болғанДА мәселенің басқа шешімін іздей бастайды, нәтижесінде жаңа өнертабыстар пайда болады. Коронавирус пандемиясы инновациялық технология үшін жаңа дәуірді бастап берді.

Коронавирус туралы соңғы мәліметтер

Коронавирус өршіп тұрған кезде қауіпсіз және жайлы өмір сүру үшін әртүрлі құралдар ойлап табылып жатыр. Солардың бірнешеуімен таныстырып өтеміз.

Медициналық маскадағы ыңғайсыздықты жоятын құрылғы

Медициналық маскада бірнеше сағат бойы жүру мамандар үшін ыңғайсыздықты тудырады. Тыныс алудың қиындығы, терлеуден бөлек құлақтың артқы бөлігі қажалады. Канадалық скаут Куинн Рони бұл қолайсыздықтың қарапайым шешімін тапты.

Куинн Рони ©imgund.com

Ол маска жібін құлақтың артына тағатын емес, бастың артқы бөлігінде ілетін қарапайым құрылғы ойлап тапқан. Оны 3D принтерде басып шығарып, өз қаласындағы ауруханаларға тегін таратқан.

Куинндер әулеті бұл құрылғыны әлеуметтік желіге салған. Кез келген адам жүктеп алып, 3D принтерде басып шығара алады.

Вирустан қорғайтын бетперде

Британдық биохимиктер 10 жылдан бері вирусқа қарсы қорғаныc қабаты бар маскалар дайындап келеді. Коронавирус пандемиясы бұл процесті жеделдетті.

©medium.com

Virustatic Shield бетпердесінің басқа бетперделерден айырмашылығы – микробтар мен инфекциялардан қорғайтын арнайы қабатқа ие. Бұл бетперде инфекция қаупі бар ағзалар – ауызды, құлақты, мұрынды толық жабады. Жеңіл матадан жасалған, ұзақ уақыт киген кезде ыңғайсыздық туғызбайды, дем алуға кедергі келтірмейді. Бірнеше рет қолдануға арналған, жууға болады.

Коронавирус кесірінен Гонконгта дәретхана қағазы жетіспей жатыр

Қолдың көмегінсіз есікті ашуға арналған құрылғы

Коронавирус металл бетінде 3 күнге дейін өмір сүре алады. Сондықтан есіктің тұтқасын сақтықпен қолдану керек.

Есік тұтқаларын қолдың көмегінсіз болатын бірнеше құрылғылар әзірленді.

©twitter.com

Солардың бірі – лондондық дизайнер Стив Брукс жасаған гигиеналық ілгек. Гигиеналық ілгек жеңіл, қалтаға сиятын шағын және жууға болатын материалдан жасалған. Ілгекті лифт түймесін басу үшін де пайдалануға болады.

Уэльстік тағы бір өнертапқыш Вин Гриффитс те есікті қолдың көмегінсіз ашудың қарапайым және ерекше әдісін ойлап тапқан.

©estilosdevidas.com

Тұтқаға бекітілген құрылғы сізге шынтақты пайдаланып есікті ашуға мүмкіндік береді. Гриффитс жобаны интернетте жариялап, мүмкіндігі бар адамдарға құрылғыны 3D принтерден шығарып, қажет болған жағдайда пайдалануға болатындығын айтты.

Коронавирус: жарқанаттар не себепті қауіпті вирустар тасиды?

Бетті қорғайтын білезік

Вирустан өзін-өзі қорғаудың ең басты талаптарының бірі – қолмен бетті ұстамау. Бірақ бұл өте қиын процесс. Себебі мұндай іс-әрекет автоматты түрде жасалады. Сиэттлдің үш тұрғыны мұның шешімін табуға тырысып,  адам іс-әрекетін басқаратын Immunotouch атты смарт білезік ойлап тапты.

©ways2rock.com

Білезік смартфонға қосылады, ал арнайы қосымшаны орнату кезінде бет мүшелері білезікпен "таныстырылады". Егер қолыңыз автоматты түрде бетіңізге жақындай бастаса, білезік белгі береді. Өнім сатылымда, оның бағасы шамамен 50 доллар.

Курьер дрондар

Әскери және таспаға түсіру мақсатында кеңінен қолданылатын дронды шектеулі карантин кезеңінде күнделікті тапсырмаларды орындау үшін де қолдануға болады.

©progress.online

Қосымша жүкті көтере алатын және қашықтан басқарылатын дрон моделін және смартфонға немесе компьютерге қосып азық-түлік, дәрі-дәрмек алып келуге болады.

AliExpress, банан және алкоголь: Коронавирус туралы кең таралған фейк жаңалықтар

Алайда, көптеген елде дрондарды қолдануға шектеу қойған. Мұндай шектеу технологияның танымал болуына кедергі келтіреді.

Т. Раушанұлы