Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Коронавирус: жарқанаттар не себепті қауіпті вирустар тасиды?

Коронавирус: жарқанаттар не себепті қауіпті вирустар тасиды?

Коронавирус: жарқанаттар не себепті қауіпті вирустар тасиды?

Ғалымдар жарқанаттардың иммунитеті адамға қарағанда бірнеше есе күшті екенін анықтады. Бұл жарқанаттардың өз өлшеміндей сүтқоректілерге қарағанда ұзақ өмір сүретіндігі мен олардағы вирустар өте қауіпті екенін білдіреді. 

Соңғы жылдары ең көп адам өліміне себеп болған вирустық ауруларға SARS (атипті пневмония), MERS (Таяу Шығыстағы респираторлық синдром), Эбола мен Марбург вирустары және Қытайда жаңа коронавирус –COVID-2019 шығуының себебі жарқанаттан тараған вирустар екені анықталған. 

AliExpress, банан және алкоголь: Коронавирус туралы кең таралған фейк жаңалықтар

Жарқанаттар қандай жануар?

Жарқанат – құстар тобына жатпайтын қолқанаттылар жануарлар. Олар бізге 60-100 миллион жыл бұрынғы динозаврлар дәуірінен белгілі. Көзі нашар көретін болғандықтан түнде ұшады. Жемтігін түнде аулайды. Есесіне олардың есту қабілеті жақсы дамыған. Кеңістікте өзі шығаратын жоғарғы жиіліктегі ультрадыбыстарды (40 — 80 кГц), сондай-ақ, адам естімейтін, төменгі жиіліктегі инфрадыбыстарды (12 кГц) ести алады. Олар қауіпті кедергілерден осы дыбыс арқылы айналып өтеді. Әлемде 1000-нан аса түрі бар. Ал Қазақстанда 4 тұқымдасқа жататын 20 түрі кездеседі. Олардың кейбірі қызыл кітапқа енген. 

Аңыз әңгімелер мен шығармаларда оларды қансорғыш қорқынышты етіп көрсеткенімен, шын мәнінде өте мейірімді жануарлар. Олар бір сағаттың ішінде мыңға жуық масаны жеп, өсімдіктерді тозаңдандырады. Табиғатқа пайдасы зор жануарлар саналады. 

Коронавирус қайдан пайда болды?

Коронавирус –COVID-2019 неге Қытайдан шықты?

Коронавирустың жаңа түрі Уханьдағы теңіз өнімдері сатылатын базарда таралған. 11 миллион халқы бар қала инфекцияның ошағына айналды, вирус жұқтырғандардың көпшілігі осы қалада қайтыс болды. Вирус адамнан адамға жұғады, жұқтырғандардың көпшілігі Ухань қаласына барған немесе ауырған адамдармен тығыз байланыста болғандар. Әзірге вакцина жоқ, иммундық жүйесі жақсы адамдар аурудан айыға алады. Қазіргі уақытта адамдарды вирустан қорғайтын вакцина жасау бойынша зерттеулер жүргізілуде. 

Вирустың неге Қытайдан шыққанын дөп басып ешкім айта алмайды. Болжам ретінде ол жарқанаттан жыланға одан оны тұтынған адамға берілуі немесе вирустарды зерттейтін орталықтан шыққандығы айтылады. Анығы коронавирустың жаңа түрі Уханьдағы жануарлар базарынан таралған. Қытай зерттеушілері Уханьдағы жануарлар базарына вирустың жаңа түрін жұқтырған адам әкелген болуы мүмкіндігін айтқан. Тағы бір себеп жарқанаттар қытайлардың сүйікті асының бірі саналады. 

Бүгінде аталмыщ вирусты жұқтырғандар саны 80 мыңға жетіп, одан қайтыс болғандар саны 2700-ден асты. 

Қытайдан басқа елдер короновирусқа қарсы қандай шара қолданып жатыр?

Қазақстандағы жағдай қандай?

Қазір еліміздегі жағдай тұрақты. Коронавирустың жаңа түрімен ауырғандар ресми түрде тіркелген жоқ. Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустық инфекцияның алдын-алу жөніндегі күшейту шаралары кезінде ешқандай қауіпті жағдай анықталған жоқ деп мәлімдеді.

Сонымен қатар Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайланд, Вьетнам, Германия, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірліктері, Италия, Египет, жалпы алғанда, коронавирустық инфекциясы анықталған 26 елге бармауға кеңес берілді. Алған билеттерін қайта өткізу керектігі айтылды.  Республика бас дәрігерінің айтуынша, авиакомпаниялар келісімге сәйкес тапсырылған билеттердің ақшасын қайтарады.

Жарқанаттар не үшін қауіпті вирустарды тасиды?

Зерттеулер көрсеткендей, вирустық инфекция жарқанаттар ағзасында тез және күшті иммундық реакцияны қоздырады. Бұл реакция бір жағынан осы тіршілік иелерін қорғайды, ал екінші жағынан агрессивті иммундық реакция вирустардың белсенді көбеюіне және қоршаған ортаға бейімделуіне себеп болады.

Осылай жарқанаттар ағзасы вирустар үшін көбейетін орын болады да, олар иммундық жүйесі әлсіз басқа жануарлар мен адамға өтсе қауіпті ауруға айналады. 

“Жоғары иммундық жүйе жарқанаттар ағзасын вирустардан сақтайды. Ал жарқанатқа жұққан вирус оның ағзасына зиян тигізбей көбейе береді. Бірақ мұндай иммунитке ие болмаған тіршілік иелеріне (адамдарға) өткенде вирус асқынып кетеді” - дейді зерттеушілердің бірі Кара Брук.

Мұндай қауіпті вирустар адам ағзасына тамақ арқылы енеді. 

Жарқанаттар ұша алатын жалғыз сүтқоректілер болғандықтан олар ұшу кезінде метаболизм яғни зат алмасуды екі есе арттырады. Әдетте дене белсенділігі мен зат алмасудың жылдамдығы әсерінен жарқанаттар ағзасында зиянды элементтер көбейеді. Бірақ жарқанаттар ағзасы әртүрлі себептермен туындаған кез-келген қабынудан тез құтылады. Бұл олардың неге ұзақ өмір сүретінін түсіндіреді.

Коронавирус кесірінен Гонконгта дәретхана қағазы жетіспей жатыр

Жүрек соғысы мен зат алмасуы жылдам болатын көлемі шағын сүтқоректілер жүрек соғысы мен зат алмасуы баяу үлкен сүтқоректілерге қарағанда аз өмір сүреді. Бірақ жарқанаттардың ерекшелігі сол олар көлемі өздерімен бірдей басқа сүтқоректілерге қарағанда ұзақ өмір сүреді. Мысалы, кейбір жарқанаттар 30-40 жыл, ал көлемі жарқанаттай басқа сүтқоректілер болса 2-3 жыл ғана өмір сүреді. 

Қалай қорғану керек? 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты жұқтырмау үшін төмендегідей кеңес айтқан:  
• қолыңызды сабынмен немесе спиртпен жиі жуыңыз;
• жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды жабыңыз;
• тұмау белгілер бар адамдардан аулақ болыңыз, қызуыңыз көтеріліп, жөтелсеңіз жедел жәрдем шақырыңыз;
• ет базарына барғанда жануарлар мен басқа да заттарды ұстаудан сақтаныңыз;
• тағамды әсіресе етті асықпай пісіріңіз;

0
Рейтинг: +0

Фото: teplogi.ru
Қосылған күні: 26 ақпан, 17:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.