Коронавирус кесірінен Гонконгта дәретхана қағазы жетіспей жатыр

Коронавирус кесірінен Гонконгта дәретхана қағазы жетіспей жатыр
Фото: hd.se

5 ақпанда Жапонияның Йокохама портында карантинге алынған “Даймонд принцесс” круиз лайнерінде коронавирус жұқтырғандар саны 355-ке жетті. Бұл Қытай аумағынан тыс ең көп вирус жұқтыру фактісі тіркелген жағдай. Ал кеше Қытайда вирус жұқтырғандар саны тағы 1886-ға артқаны мәлім болған еді. Бүгін 98 науқас көз жұмғаны белгілі болды. Осы уақытқа дейін коронавирустан қайтыс болғандардың саны 1868-ге жетті. 

AliExpress, банан және алкоголь: Коронавирус туралы кең таралған фейк жаңалықтар

Соңғы мәліметтер

• Қытай үкіметі Covid-19 эпидемиясының ошағы болған Хубэй провинциясындағы 60 миллион адамның көшеге шығуына шектеу қойды. 

• Әлем бойынша коронавирустан 72 мың адамға жетті. 12 мыңға жуық адам коронавирустан сауыққан. 

• Уханьдағы “Лэйшьэншань” ауруханасының бас дәрігері Ван Сунхуань Қытайда коронавирус эпидемиясы төмендеп жатқанын айтты. 

• Вирус жұқтыру жағдайы Қытайдан бөлек 26 елде тіркелген. 

Коронавирус туралы соңғы мәліметтер

Хубэйде жағдай қандай?

• Хубэйде қазір тәртіпке байланысты бір отбасыдан тек бір ғана адам 3-4 күн ішінде бір рет дәрі-дәрмек пен азық-түлік алу үшін үйінен шығуға рұқсат берген. Көп қабатты үйлерде тұратындар болса, сыртқа шыққан сайын бақылау пункттерінен өтеді. 

• Дәріханалар, қонақүйлер, азық-түлік дүкендері және ауруханалардан бөлек барлық сауда орындары мен халыққа қызмет көрсететін мекемелер жабылған. Сатушылар мен клиенттер қатаң тәртіпте дене температурасын өлшетіп тұрады. 

• Жеке көліктер мен қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылған. Жолда тек полиция, жедел жәрдем және өрт сөндіру көліктері ғана жүруге рұқсат алған. 

• Уханьға жақын 5 миллион тұрғыны бар Сяогань қаласындағы адамдарға да көшеге шығу тыйым салынған. Бұл қалада азық-түліктерді адамдардың үйлеріне жеткізіп береді. Үкімет бұл тәртіпті бұзғандарды қатаң жазалап жатыр. 

• Бейжің қаласына сырттан келгендер қатаң тексеріліп, карантиннен өткізіліп жатыр. Бұл тәртіпке бағынбағандар да жазаланады. 

Вирусқа қарсы вакцина

16 ақпанда Чжэцзян провинциясы коронавируспен күресте тиімді болатын алғашқы дәріні шығара бастады.

Zhejiang Hisun Pharmaceutical компаниясы үкіметтен коронавирусқа арналған Favipiravir препаратын сатуды бастауға рұқсат алды. Препарат сатылғаннан кейін, компания клиникалық зерттеулерін жалғастыруы керек.

Қытай Ұлттық биотехнологиялық зерттеулер орталығының директоры Чжан Синьмин бірнеше препарат, соның ішінде Remdesivir (Ремдесивир) және Жапонияның Favipiravir-і (Фавипивавир) коронавирусты емдеуде жоғары тиімділікке ие екенін атап өтті. Ол Қытайда коронавирустық вакциналар өндірісін жеделдету үшін түрлі технологиялық тәсілдер қолданылып жатқанын және бірқатар вакциналар жануарларда сынақтан өткенін айтты.

Бизнестің шығыны қандай?

Қытайдың Орталық банкі қолма-қол ақшаны пайдаланушылардың қауіпсіздігін жақсарту мақсатында 600 миллиард юань жаңа банкноттар шығарды, ал қолда бар ақша зарарсыздандырылып, 7-ден 14 күнге дейін карантинге қойылды.

Коронавирусқа байланысты бизнестегі шығын Жапония мен Сингапур сияқты елдердің экономикаларына да әсер етті. Бұл аурудың басталуы туристер мен материалдар ағынына айтарлықтай әсер еткенімен байланысты.

Қытай жаңа жылынан соң адамдар жұмысқа оралуы керек еді. Бірақ эпидемияға байланысты барлық зауыттар мен өндіріс орындары тоқтап тұр. 

Гонконгтағы дүрбелең

Гонконгта қаруланған қарақшылар коронавирусқа байланысты алғашқы қажеттіліктердің жетіспеуінен қорқып, 218 доллар тұратын дәретхана қағазын ұрлаған.

Полицияның хабарлауынша, пышақпен қаруланған үш қарақшы Wellelling супермаркетінің жанындағы Вонкок аймағында дәретхана қағазы жеткізушісін тонаған. Тәртіп сақшылары қылмыскерлердің ізін суытпай, екі адамды қамауға алды, олардан дәретхана қағаздары тәркіленген.

Apple Daily басылымының хабарлауынша, қылмыскерлер 600 бума қағаз ұрлаған. Қалалық дүкендерде бұл өнім жетіспеушілігі байқалады, дәретхана қағаздарының жаңа партиясы келгенде дүкендердің алдында ұзын-сонар кезектер пайда болады.

Жергілікті билік індет халыққа дәретхана қағазын жеткізуге әсер етпейтініне сендіруге тырысып жатыр, ал Гонконгтың тұтынушылар кеңесінің бас директоры тұрғындарға дәретхана қағазын көп сатып алмауды және үйде көп сақтамауға кеңес берген. Өйткені олар ылғалды климатта қалып  қойып қолдануға жарамсыз болатынын айтқан.

Сондай-ақ, адамдар күріш, макарон және тазалағыш заттарды жаппай сатып ала бастаған.

Қазіргі уақытта дүкендерде медициналық маска мен дизенфекциялық заттар жетіспеушілігі байқалған. 

Гонконгтан басқа, Сингапурда дәретхана қағазы, тазалағыш заттар мен медицина маскаларын сатып алуға байланысты өнімдер тапшылығы бар. Бұл елде коронавирустық инфекциясын жұқтырғандар саны 78-ке жеткен. 

Қытайдан басқа елдер короновирусқа қарсы қандай шара қолданып жатыр?

Қалай қорғану керек?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты жұқтырмау үшін төмендегідей кеңес айтқан:  

• қолыңызды сабынмен немесе спиртпен жиі жуыңыз;
• жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды жабыңыз;
• тұмау белгілер бар адамдардан аулақ болыңыз, қызуыңыз көтеріліп, жөтелсеңіз жедел жәрдем шақырыңыз;
• ет базарына барғанда жануарлар мен басқа да заттарды ұстаудан сақтаныңыз;
• тағамды, әсіресе, етті асықпай пісіріңіз;

Т. Раушанұлы