Apple иілгіш iMaс құрылғысын патенттеп алды

Apple иілгіш iMaс құрылғысын патенттеп алды

Apple компаниясы жаңа iMac моноблогын патенттеп алды. iMac корпусының басым бөлігі әйнектен жасалған және төменгі жағы иілгіш. Бұл туралы АҚШ-тың патент және тауар белгісінің ведомствосында (USPTO) жазылған.

Құрылғының төменгі бөлігінде пернетақта мен тачпад орналасқан. Ал артқы бөлігінде корпус тіреуішінің қызметін атқаратын вертикал элемент бар. Соның ішінде моноблоктың бүкіл жүйе блогы орналасады.

©USPTO

Патент сипаттамасында әйнек корпусы мөлдір немесе жартылай мөлдір болуы мүмкін. Моноблоктың ноутбуктағыдай ашып-жабылатын құрылымы болмақ, бірақ конструкцияның нақты қандай болатыны белгісіз.

The Verge айтуынша, оған MacBook-ты жалғап, iMac дисплейімен жұмыс істеуге болады.

Massaget.kz