Apple компаниясы MacBook Pro 16” ноутбугын таныстырды

Apple компаниясы MacBook Pro 16” ноутбугын таныстырды
Фото: theverge.com

Apple экраны 16 дюйм, жаңартылған пернетақтасы бар MacBook Pro ноутбугын таныстырды. Жаңа құрылғыға бұрынғы модельдерде болмаған функциялар қосылып, түрлі қабілеті жақсартылған. Ең бастысы – бұрынғы пернетақта қайтарылған.

Модельге ажыратымдылығы 3072х1290 милиметрлік Retina, IPS дисплейі орнатылған.

Ішіне 6/8 ядролы Core i7/Core i9 процессоры орнатылған. Графикаға видеожады 8 ГБ AMD Radeon Pro 5300M немесе 5500M жауап береді. Жедел жады – 16 ГБ, қатты жинақтағышының жады – 512 ГБ/1 ТБ. Одан бөлек MacBook Pro-ға тұңғыш рет қосалқы 8 ТБ SSD орнатуға мүмкіндік жасалған.

Компания өкілдерінің айтуынша, 16 дюймдік MacBook Pro қуаттаусыз ұзағырақ жұмыс істей алады. Автономды жұмыс уақыты – 11 сағат. Ноутбуктың алты динамигі, Touch Bar панелі, Touch ID сезбегі, Force Touch трекпады мен Apple T2 Security қауіпсіздік чибі бар. MacBook Pro-ның ресми бағасы – 2399 доллар. Сатылымға сұр және күміс түсті түрлері шығады.

Massaget.kz