Instagram-дағы посттың қаралымына не әсер етеді?

Instagram-дағы посттың қаралымына не әсер етеді?
Фото: dribbble.com/SDaniela

Instagram мифтердің алдын алу үшін ресми блогында посттың лентада жоғары шығып, көп қаралымға ие болуына әсер ететін факторларды атап, сұрақтарға жауап берді.

1) Instagram лентасының алгоритмі қаншалықты жиі өзгеріп отырады?

Жауап: секунд сайын. Машинамен оқыту жүйесі оны адамдардың реакциясына қарай тынымсыз өзгертіп отырады.

2) Посттың лентада жоғары шығуына бірінші кезекте қандай факторлар әсер етеді?

Жауап: видеоның максимал көрілімі, пікір, лайк, сториге репост жасалуы.

3) Аккаунттың типі постқа әсер ете ме?

Жауап: жоқ. Business те, Creator да, қарапайым қолданушы да алгоритмде бірдей мүмкіндікке ие. Көк верификациясы бар аккаунттар да ешқандай үстемдікке ие емес.

4) Видеоның лентада қамтылу аясы кең екені рас па?

Жауап: видеопосттар оны көп көретін, соңына дейін қарайтын қолданушыларға жиі ұсынылады.

5) Алгоритмнің постқа реакция білдіру уақытын өлшейтіні рас па?

Жауап: жоқ, бұл өтірік.

6) Лайк-чаттар және өзге де лайк пен пікір жинауға көмектесетін жасанды тәсілдер іске жарамды ма?

Жауап: жоқ. Нейрожүйе кез келген жасанды паттернді анықтай алады.

7) 4, 3, 2, 1 сөзден аз пікірлерді жүйе ескермейтіні рас па?

Жоқ.

Massaget.kz