Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Білесіз бе? / Instagram желісінде ең алғаш жарияланған фото

Instagram желісінде ең алғаш жарияланған фото

Instagram желісінде ең алғаш жарияланған фото

Жуырда ғана Instagram әлеуметтік желісінің құрылғанына 9 жыл толды. Осы уақыт аралығында қарапайым ғана стартаптан әлемге танымал болған интернет желісіне айналды.

Иә, қазіргі таңда бұл желіні пайдаланушы жастар саны көп. Екінің бірі біледі десек те болады. Әлемдегі қолданушылар саны 1 миллиардтан асып жығылады. Оның 52 %-ы қыздар қауымы болса, 48 %-ын ерлер құрайды.

Instagram атауы екі сөздің бірігуінен (Instant Camera (полароид) және Telegram (телеграмма)) құралған. Кевин Систром мен Майк Кригер желінің негізін Сан-Франциско қаласында қалаған. 2012 жылы Facebook бұл желіні 1 миллиард долларға сатып алды.

Бастапқыда Instagram желісінде квадрат үлгісіндегі фотоларды ғана жүктеуге болатын. Себебі мұндай форматтағы фотолар iPhone 4, 4S, 5, 5S және SE смартфондарына тамаша үйлесе кететін еді. 2015 жылдан бастап бұл шектеулерін алып тастады.

Әлеуметтік желіде ең алғашқы сторис 2016 жылы жарияланды. Қазіргі таңда Instagram-ның бұл қызметін күніне 500 миллион адам пайдаланады.

Instagram-да жарнама жасау үшін ең көп ақша алатын – Кайли Дженнер. 22 жастағы америкалық сәнбике бір жарнамалық постын 1,2 миллион долларға бағалайды.

Ресми парақшасына жазылушылар саны көп Instagram жұлдызы – Криштиану Роналду. Танымал футболшының тіршілігін 185 миллион қолданушы "бақылап" отырады екен.

Ең көп лайк жинаған пост (фото) рекорды биыл тіркелді. 4 қаңтар күні жарияланған жай ғана жұмыртқаның суреті бүгінде 53 миллионнан аса лайк жинап, @kyliejenner рекордын жаңартты.

Тақырыбымызда жазғандай, Instagram желісіндегі ең алғашқы фотоны Майк Кригер (негізін қалаушылардың бірі) жариялаған. Ол DogPatch Labs бизнес кеңселерінің терезесінен жағажайдағы қайықтарды түсіріп салған.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Қосылған күні: 08 қазан, 12:39

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.