Instagram буллингке қарсы функция енгізді

Instagram буллингке қарсы функция енгізді
Фото: freepik.com

Instagram әлеуметтік желісі буллингке қарсы "Шектеу" (Restrict) функциясын енгізді. Енді жаңа функция арқылы ұнамсыз қолданушы жазған пікірлерді шектеуге болады.

"Буллинг – өте күрделі мәселе. Біршама жасөспірім онлайн-кемсітудің құрбаны болып жатса да, ешкімді бұғаттағысы келмейді", - делінген желінің блогында.

"Шектеу" функциясы арқылы белгілі бір қолданушының пікірлерін өзгелерден жасырып қоюға болады. Ол пікірлерді шектеу қойған қолданушы мен шектеу қойылған қолданушы ғана көре алады. Осылайша ол өзіне "Шектеу" функциясы қолданылғанын көре алмайды.

Massaget.kz