2019 жылдың үздік браузерлері анықталды

2019 жылдың үздік браузерлері анықталды
Фото: freepik.com

Windows 10 орнатылған жаңа компьютер немесе ноутбукты қосқанда жалғыз ғана Microsoft Edge веб-браузері болады. Сол сияқты iOS-та Safari, Android-та Google Chrome орнатылып тұрады. Бірақ көп қолданушы әдепкі браузерден гөрі өзіне қолайлысын орнатып жатады. Ендеше қай браузерді қолданушылар жиі қолданады?

W3Counter ресурсының сарапшылары жасаған 2019 жылдың есебі бойынша, Google Chrome әлі де бірінші орында келеді. Оның үлесін әлемдік веб-трафиктің жартысы құрап отыр. Екінші орынды Safari алса, үшінші орынды Microsoft Edge (ескірген Internet Explorer-ді қоса есептегенде) иеленген. Firefox әлемдегі төртінші браузер атанып, Opera ТОП-5 рейтингін 2,8% веб-трафикпен қорытындылап тұр.

Аталған бестік ұзақ уақыт лидерлер қатарында келеді. Әлемде оларға дес бере алатын қандай аналогтар бар Techadvisor сарапшылары мынадай браузерлерге назар салуға кеңес береді:

– Vivaldi – әлемдегі "ең үздік браузер" жасау үшін бұрынғы Opera мамандарының біріккен жобасы
– UC Browser – қытайлық ең танымал браузер
– Comodo IceDragon – Comodo антивирусы жасаушыларының қауіпсіз браузері
– Brave – Chromium және Blink негізіндегі ашық бастапқы коды бар Firefox веб-шолушысы
– Chromium – The Chromium Authors бірлестігі жасаған ашық бастапқы коды бар веб-браузер
– Tor Browser – даркнетке арналған Firefox негізіндегі браузер
– Maxthon – ыңғайлы веб-серфингке арналған біраз функциясы бар веб-шолушы.
Massaget