Күн батареясымен ұшатын ұшақтың әлемдік саяхаты кейінге шегерілді

Күн батареясымен ұшатын ұшақтың әлемдік саяхаты кейінге шегерілді
Фото: inform.kz

Күн батареяларымен ұшатын «Solar Impulse 2» ұшағының әлемдің саяхаты ұшқыштың денсаулығына байланысты кейінге шегерілді.

«Менің асқазаным ауырады. «Solar Impulse» ұшуын кейінге шегеруді жөн санаймын. Мұндай жағдайда 48 сағат бойы ұша алмаймын. Кешіріңіздер», - деп өзінің Twitterдегі» жеке парақшасына ұшқыш Бертран Пикар жазды.

«Мұндай шешім қабылдау оңай болмады, алайда бұл қауіпсіздікті ескере отырып қабылданған оңтайлы шешім», - деді оның серіктесі Андре Боршберг.

Ұшақ сәрсенбі күні Испаниядан Мысыр астанасы Каирге жетті. Кейін олар саяхаттың соңғы кезеңі Әбу-Дабиге (БАӘ) жөнелуі тиіс еді, деп хабарлады BBC агенттігі.

Саяхат 2015 жылдың наурызында осы жерден басталған. Бір жыл төрт айда ол жанар-жағар майсыз 35 мың шақырымды ұшып өтті.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы