Ағаштан күн батареясы жасалды

Ағаштан күн батареясы жасалды

Джорджия технология университетінің зерттеушілері құрамында ағаштан алынған табиғи компонеттері бар фотоэлемент жасап шығарды. Жаңа материал целлюлозаның нанокристалдары төсемесі (CNC) негізінде жасалған. Бұндай күн қағазының бір ерекшелігі оның утилизациясы артық шығынды талап етпейді. Материалды жай ғана суға салып қойса жетіп жатыр.

пр

Органикалық фотоэлементтің пайда әсер коэффициенті 2,7 пайызды құрайды. Бұл табиғи материалдардан жасалған элементтер үшін өте жақсы көрсеткіш. CNC төсемесі түссіз екендігін де айта кетелік. Жарық осы қабаттан өткен соң оны органикалық жартылай өткізгіш өзіне сіңіріп алады. Жаңа фотоэлемент пайдалынылып болған соң бөлме температурасындағы суға салып қою жеткілікті. Бірнеше минуттың ішінде CNC төсемесі еріп, нәтижесінде фотолементтік негізгі компоненттері оңай қолға түседі.

о

Бұған дейін фотоэолементтер шыны немесе пластикалық төсеме негізінде жасалып келген болатын. Бұларды утилизациялау әлдеқайда қиын әрі күрделі.

Болашақта ғалымдар бұл өнертабыстың пайдалы әсер коэфициентін 10 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: www.helica.com.ua, zhelezyaka.com

Massaget