Жапондықтар матадан жасалған күн батареяларын ұсынды

Жапондықтар матадан жасалған күн батареяларын ұсынды

Жапондық зерттеушілер электр энергиясын өндіруге қауқарлы, матадан жасалған күн батареясын құрастырып шығарды. Мата негізі фотоэлементтерден тұрады. Жаңа технология Фукуи өндірісінің мамандарымен біріге отырып жасалған екен. 

Қазіргі кездегі күн батареялары тегіс пішінде жасалғандықтан, күннен тараған сәулені барлық бағытта сіңіре алмайды. Ал жапон мамандары жасаған технологияда өлшемі 1,2 мм болатын кішкентай түйіршіктер пайдаланылады екен. Ғалымдардың айтуынша, осындай матадан жасалған күн батареялары өзінің сфералық пішіні арқасында күн сәулесін жан-жақтан күні бойы сіңіре алады.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет