Apple қызметкерлерінің қанша жалақы алатынын білесіз бе?

Apple қызметкерлерінің қанша жалақы алатынын білесіз бе?

Қандай  IT маманы болмасын Apple компаниясында жұмыс істегісі келетіні белгілі. Бұл компания төрткіл дүниедегі ең үздік бренд немесе топ мықты корпорациясы ретінде әрдайым тек үздіктер қатарында жүреді. Мұндай рейтингтер компания жұмысының өнімділігі, тауар айналымы, жылдық табыс секілді әр түрлі талаптар бойынша жасалады. Алайда, америкалық эксперттер әлемдегі нөмірі бірінші саналатын Apple компаниясының қарамағындағы қызметкерлерінің жылдық  жалақысы қанша болуы мүмкін деген сұраққа жауап іздеді.

GlassDoor аналитикалық компаниясы Apple қызметкерінің орташа айлық көрсеткіші 1 421 000 теңге екендігін анықтап білді. Статистика бойынша корпорация қызметкерлері  Америкадағы  жалақысы ең жоғары және бонустық төлем ақыны ең көп алатын жұмыскерлер болып есептеледі.

Apple қызметкерінің жылдық жалақысы:

Apple Store Genius-бөлімінің маманы – $41 824
Apple Store менеджерінің көмекшісі – $51 287
Apple Store Genius-бөлімінің басшысы – $52 206
Клиенттермен жұмыс істейтін менеджер – $74 457
Бизнес-аналитик – $85 865
Қаржы аналитигі – $89 728
Тестілеуші – $92 733
Жүйе инженері – $95 713
Жоба менеджері – $101 716
Тігін маманы – $105 270
Тестілеу инженері – $106 446
Аға жүйе инженері – $107 740
Дерекқор әкімгері – $109 415
Программалық жасақтаманы әзірлеуші – $110 784
Аппараттық жасақтаманы әзірлеуші – $113 577
Инженер-механик – $119 150
Өнім дизайнының инженері – $119 742
Өнім менеджері – $120 182
Аға  инженер-бағдарламашы – $130 130
Жабдықтау бойынша аға инженер – $138 753
Өнеркәсіп дизайнері – $167 260

Жоғарыда көрсетілген жалақылар тізімі өкімет салығын санамағандағы жалпы сома болып табылады. Өздеріңіз білетіндей АҚШ халқының күнделікті табысының негізгі бөлігі салыққа кетеді.

Оқи отырыңыз:

Тим Кук iPhone 6 смартфонын таныстырды

Intel дербес компьютерге ұқсас планшет шығарды

Microsoft корпорациясы смартфондардан Nokia брендін алып тастама

Қазақстанда iPhone 6 бағасы 160 мың мен 210 мың теңге аралығында болады

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:www.cultofmac.com

Н. Нұрмаханұлы