Қазақстанда iPhone 6 бағасы 160 мың мен 210 мың теңге аралығында болады

Қазақстанда iPhone 6 бағасы 160 мың мен 210 мың теңге аралығында болады

Қазақстанда iPhone 6 бағасы 160 мың мен 210 мың теңге аралығында болады. Бұл туралы Tengrinews.kz. порталы хабарлайды.

«Әдеттегідей Apple компаниясының жаңа модельдерінің құны өз бағасында болады, ал ескі модельдері арзандайды. iPhone-ның қазіргі модельдері секілді 160 000 және 210 000 теңге аралығында болады»,-дейді BFF.kz дүкендер желісінің жетекшісі Ұлан Қаражігітов.

Әзірге Apple өзінің Қазақстандағы серіктестеріне жаңа смартфонның қашан әкелінетіні жайлы хабар бермеген. Ұлан Қаражігітовтың айтуынша, Apple өнімі сатылымға шығатын барлық елде жаңа iPhone қараша айында нарыққа шығады екен. iPhone 6 смартфонының ресми таныстырылымы бүгін, 9 қыркүйекте сағат 23.00-де болады.

Apple компаниясының өкілдері дәстүрлі түрде дайындалып жатқан шара туралы соңғы секундтарға дейін құпия сақтауды жөн көрген. Жарыққа шығатын күні белгілі болғанымен, әзірге ешкім корпорацияның нені көрсететінін нақты айта алмайды. Десе де, мамандар бүгін таныстырылатын жаңа аппараттың 13 мегапиксельді камерасы, екі ядролы А8 процессоры болатынын болжаған еді. Сонымен қатар, шолушылар iPhone 6-ның сынбайтын шынымен жабдықталады, ал ол жақұт кристаллдарымен жасалынады деген пікірді айтқан болатын.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: kinokadr.ru

А. Құлтай