Intel дербес компьютерге ұқсас планшет шығарды

Intel дербес компьютерге ұқсас планшет шығарды

Intel корпорациясы жуырда таныстырған жаңа 14-нанометрлі Intel Core M процессорын іс-жүзінде көрсетпек. Broadwell архитектурасымен әрленген процессор жаңа планшеттің жұмыс қуатын мөлшерлейтін болады.

Гаджеттің құрастырушылары өз өніміне Llama Mountain деген атау беріпті. Эталонды дизайны ешбір ерекшелікті танытпағанымен, аталған өнімнің ерекшелігі мол. Атап айтсақ, қалыңдығы небәрі 7,2 миллиметр, IGZO матрицасы бар және Windows 8.1 Pro бағдарламасын толық қамтыған. Демек, бұл пернетақтасы жоқ дербес компьютер деуге болады.

Сондай-ақ, планшеттегі жүйелік платаның компактілігі сонша, Llama Mountain корпусына 32 Вт/с жалпы қуат жинақтағышы сыйымдалған. Бұл тұтынушыға 32 сағаттық жұмыс уақытын бере алады. Желдеткіш қондырылмаған. Ал арнайы жасалынған чип қуат көзінің тәртібіне қарай барлық энергия қорын реттеп отырады. Intel көрсеткен ақпаратқа орай, сыртқы корпус алюминийден жасалынғандықтан, планшеттің қызып кетуі жиі орын алмайтын болады.

Осыған өте ұқсас келетін планшетті қытайлық Lenovo компаниясы да шығарған болатын. Дегенмен, онша масштабты мінездемеге ие болмаған Helix планшеті брендтік атауының арқасында бәсекелестік танытуы мүмкін. Бірақ Intel планшеттер нарығында бағын сынауды мақсат етіп отырған жоқ. LlamaMountain - тек Core M процессорының қуаттылығын іс жүзінде дәлелдеу үшін жасалынған аналогтық құрылғы.

Расында, компания өз дегеніне жете алды деуге болады. Себебі дербес компьютердің қуаттылығын планшетке орнықтыру жаңа технологияның жаңа жетістігі.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: 3dnews.ru

Ж. Өрісбай