Microsoft корпорациясы смартфондардан Nokia брендін алып тастамақ

Microsoft корпорациясы смартфондардан Nokia брендін алып тастамақ

Microsoft корпорациясы жақында меншігіндегі Nokia брендінен біржола құтылуды жоспарлап отыр. Бұл мәліметті ғаламтор жүйесіне  GeekonGadgets порталы редакцияға келіп түскен компанияның ішкі құжаттарына сүйеніп жариялап отыр.

Порталдың мәліметі бойынша, Lumia 830 бен Lumia 730 смартфондары Nokia бренді бар компанияның ең соңғы гаджеті болмақ. Ал одан кейін саудаланатын келесі нұсқадағы телефондарда тек Lumia жазуы және Microsoft бренді бейнеленеді екен.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы 25 сәуір айында Microsoft корпорациясы Nokia байланыс кәсібіндегі Devices & Services бөлімдерін сатып алу жөніндегі келісімін жауып тастады. Мұндай келісім корпорацияға 5,4 миллиард евроға түсті.

Оқи отырыңыз: 

Тим Кук iPhone 6 смартфонын таныстырды

Apple компаниясының тұңғыш сағаты шықты

Қыздардың суретіне like басатын робот жасалды

Өткен аптаның техно жаңалықтарына видеошолу

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: w7phone

Н. Нұрмаханұлы