ӘЧ-2017. Ерік Әлжанов өзбек боксшысын жеңе алмады

ӘЧ-2017. Ерік Әлжанов өзбек боксшысын жеңе алмады
Фото: Данияр Майлыбаев

Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Ерік Әлжанов жартылай финалға шыға алмады. Отандасымыз өзбек боксшысы Бектемір Меликузиевке жол берді.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек аса тартысты өтті. Жеңіс үшін екеуі де барын салды. Бектемір белсенді болып алға ұмтыла түскенмен, Ерік қарсыласына оңайлықпен есе жібере қойған жоқ. Екінші раундта екі боксшы да жарақат алды. Еріктің қабағы жарылса, Бектемір де басынан жарақат алды. Дегенмен боксшылар жекпе-жекті жалғастыра білді. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша өзбек боксшысы жеңіске жетті.

Айта кетейік, осыған дейін Жомарт ЕржанҚайрат ЕралиевӘбілхан Аманқұл және Василий Левит жартылай финалға шыққан еді. 

Ө. Сансызбай