Жомарт Ержан бірінші болып әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Жомарт Ержан бірінші болып әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото ©️ Данияр Майлыбаев

Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 49 келіге дейінгі салмақта Жомарт Ержан жартылай финалға шықты. 

БӨЛІСУ

Ширек финалда ресейлік боксшы Василий Егоровпен кездескен отандасымыз қарсыласына басымдығын таныта білді. Аңдысын тауып, сәті келгенде дәл соққыларын дарыта білді. Ал қарсыласының соққысынан сытылып шығып, Василийдің қолы ауа қармаумен болды.

Жомарт Ержан жартылай финалда кубалық боксшы Хоанис Архилагоспен жұдырықтасады.

Айта кетейік, Василий Егоров 2015 жылы Дохада өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Екі дүркін Еуропа чемпионы атағына ие боксшы еді.