Австралия – Азия кубогының жеңімпазы!

О Сансызбай Корреспондент
Австралия – Азия кубогының жеңімпазы!

Футболдан 2015 жылғы Азия кубогы да аяқталды. Австралияда өткен дүбірлі доп додасында алаң иелері өз тарихында алғаш рет чемпион атанды.

БӨЛІСУ

Финалда Австралия құрамасы Оңтүстік Кореядан басым түсті. 45-ші минутта алаң иелері сапынан Массимо Луанго есеп ашса, соңғы минутта Сон Хын Мин таразы басын теңестіріп кетті. Бірінші қосымша уақыт аяқталар тұста Джеймс Тройси Австралия құрамасына жеңіс сыйлаған голды соқты. Одан кейінгі 15 минутта Оңтүстік Корея футболшылары есепті теңестіре алмады. Австарлия құрамасы осыған дейін бір рет қана финалға шығып, жеңіліп қалған (2011 жылы) еді.

Келесі Азия кубогы 2019 жылы өтеді. Әзірге жарысты ұйымдастыратын ел анықталған жоқ.

Cурет: vk.com

Оқи отырыңыз:

Азия кубогында футболшылар темекі шегіп ұсталды

Азия кубогының топтық кезеңінде соғылған үздік голдар (видео)

Азия Кубогы тарихындағы ең жылдам гол соғылды (видео)

Футбол көргені үшін жас жеткіншектер ажал құшты