Азия кубогының топтық кезеңінде соғылған үздік голдар (видео)

Азия кубогының топтық кезеңінде соғылған үздік голдар (видео)

Футболдан Австралия елінде өтіп жатқан Азия кубогы ойындарының топтық кезеңі мәресіне жеткен-ді. Бүгін сіздердің назарларыңызға додадағы ең үздік голдар топтамасын ұсынамыз.

Он алтыншы рет байрағын желбіреткен Азия кубогы ойындарына 16 құрама қатысып, ширек финалға шыққандар анықталып үлгерді. Жартылай финал үшін өтетін ойындар 22-23 қаңтарға жоспарланған. Бір қызығы, топтық кезеңдегі бірде-бір ойында тең есеп тіркелген жоқ.

Азия кубогы, 1/4 финал

1. Оңтүстік Корея – Өзбекстан (22 қаңтар)

2. Иран – Ирак (23 қаңтар)

3. Қытай – Австралия (22 қаңтар)

4. Жапония БАӘ (23 қаңтар)

Айта кетейік, футболдан Азия кубогы 4 жылда бір рет өтеді. Соңғы рет бұл байрақты бәсекені Катарда Жапония құрамасы жеңіп алған болатын.

Cурет: mbc.net

О. Сансызбай