Азия Кубогы тарихындағы ең жылдам гол соғылды (видео)

 Азия Кубогы тарихындағы ең жылдам гол соғылды (видео)

Бұл күндері Австралияның Брисбен, Мельбурн, Канберра, Ньюкасл және Сидней қалаларында футболдан Азия кубогы додасы өтуде. Кеше осы біріншілік тарихындағы ең жылдам гол соғылды.

Он алтыншы рет ұйымдастырылып отырған Азия чемпионатындағы ең жылдам гол кездесудің 12-ші секундында соғылды. Рекордтық нәтижені Біріккен Араб Әмірлігі құрамасының ойыншысы Али Ахмед Мабкоут өз еншісіне жазды. Ол әріптестерінің көмегінің арқасында допты ортадан ойынға қосқан бахрейндік футболшылар қателігін сәтті пайдаланып кете білді. Нәтижесінде 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Австралиядағы доп додасына 16 құрама қатысуда. 4 топқа бөлінген командалар, екі кездесулерін өткізіп те үлгерді. Австралия, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірлігі, Қытай, Иран және Жапония құрамалары топтан шығып қойды.

Азия кубогы 4 жылда бір рет өтеді. Соңғы рет бұл байрақты бәсекені Катарда Жапония құрамасы жеңіп алған болатын.

Сурет: vi.rfi.fr

Ө. Сансызбай